БАС ИМАМ АУЫЛДАСЫНА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ
Жалпақтал мешітінің бас имамы, дінтанушы-теолог Тілепберген қажы Ахмеджанұлы баспана бабын үйлестіре алмай жүрген ауыл тұрғынына баспана сыйлады. Бұл туралы Жалпақтал ауылдық мешітінің баспасөз қызметі хабарлады.

Осы ауылда тұратын әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы Ғұбашевтар отбасы көп жылдан бері баспана тауқыметін тартып келеді. Балалардың біреуі – 1-топ мүгедегі. Отағасы Қаныбек жұмыссыз екен. Осы ретте Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының «Зекет» корпоративтік қоры атынан ұйымдастырылған «Ел үлесі – пәтерге» жобасының жүзеге асырылуына өз үлесін қосқан Тілепберген қажы Ахмеджанұлы жайлы қонысқа мұқтаж отбасыға үш бөлмелі пәтер кілтін табыс етті.
Игі шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Батыс Қазақстан облысы бойынша бас имамы Мұратбек Мұхтарханұлы, Казталов аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Нағым Ризуанұлы, Жалпақтал ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғилым Шәріпұлы және аудан тұрғындары көзайым болды.
Осындай сауапты іске мұрындық болған ауыл имамының шынайы ықыласпен жасаған қайырымды қадамына қоныс иелері ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жаудырды.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу