БАЛАПАНДАРДЫ БАПТАУ БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ
Бүгін, 1 наурыз күні облыс басшысы Ғали Есқлиевтің төрағалығымен өткен кеңесте Теректі ауданы әкімі Арман Өтеғұлов мемлекеттік бағдарлама арқылы балапан алып, құс өсіруге ниеттенген шаруаларға 45 күндік сүйемелдеу жүргізілетінін жеткізді.

Ауыл халқының құс шаруашылығымен дендеп айналысуына жағдай туғызу мақсатындағы «Еңбек-балапан» бағдарламасы өткен жылы сәтсіз болғаны жасырын емес. Тұрғынардың балапандарды баптау дағдыларының болмауы, шөжелердің дұрыс тамақтандырылмауы, ұстайтын орынның антисанитариялық жағдайда болуы мыңдаған балапанның өліп қалуына әкелді. Қараусыз қалып, ит-құс, мысыққа жем болуы тағы бар. Мәселен, өткен жылы Теректі ауданында 13 мың балапан алынған болса, оның 1000 шақтысы ғана сатылған, 5000-нан астам балапан өліп қалған. Мұндай қателікке жол бермеу үшін енді әр балапан ұстайтын тұрғынға 45 күн бойына сүйемелдеу жүргізілетін болады. Оған жергілікті окург әкімдері, ветеринар-дәрігерлер, кооператив төрағасы жауапты болады және ұйымдастыру-бақылау жұмыстары үшін маман бекітілмек. Биыл Теректі ауданы 15 мың балапан алып, тұрғындарға үлестіреді. Құс өсіруге ықылас танытқандар үшін 583 мың теңге грант беріліп, оған қажетті дәрумен, вакциналары, жылыту құралдары толықтай алынады.
– Сүйемелдеу кезінде 4 кезеңдік тамақтануы, күтімі, температуралық режимнің қадағалануы бақылауда болады. Біздің топшылауымыз бойынша шығын 5 пайыздан көп болмайды. 45 күнде балапандарды өсіріп, сатып одан түскен пайдаға қайтадан балапандар алса, қалталарына ақша түсер еді. 100 күннің ішінде екі айналым жасауға мүмкіндік бар, – деді Арман Өтеғұлов.
Жалпы Теректі ауданы бойынша биыл 102 адам балапан алуға, 400 тұрғын сүтті бағыттағы мал алуға, 26 азамат бау-бақша өсіруге өтінішін білдірген.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты

Кіру
Пікір үстеу