БАЛАЛАРДЫ ЖҰМЫСҚА ЗАҢСЫЗ ТАРТҚАНДАР АНЫҚТАЛДЫ
Кәмелетке толмағандардың құқын қорғау мақсатында қолға алынғаи шараларға қарамастан бала еңбегін заңсыз пайдалану жағдайы орын алуда.

Зерттеулер көрсеткендей, бала еңбегін пайдалану көп жағдайда жазғы демалыс кезінде жиі кездеседі. Орал қаласы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция бөлімшесінің аға инспекторы М. Құспанованың айтуынша, жұмысқа 12-18 жас аралығындағы жеткіншектер жиі тартылады . Жұмыс берушілердің олармен еңбек келісімшартын жасамайтындары тағы бар.
– Балмұздақ, сусын, ойыншық сату сынды сауда жасауға, автокөлік жуу, жүк түсіру жұмыстарына балаларды пайдалану жиі кездеседі. Барлық жағдайда да балалар отбасыларының материалдық қиын жағдайына байланысты жұмыс жасауға өздері ықылас танытады. Олар киім алуға, қалта шығыны немесе азық-түлік алу үшін, жақын-жуықтарына көмек көрсету мақсатымен жұмыс жасап жүргендерін айтады, – деді Мадина Құспанова.
Осы орайда жазғы уақытта кәмелетке толмағандарды заңсыз жұмыс жасауы фактілерін анықтау мақсатымен Орал қаласы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция бөлімшесі қызметкерлері мен Орал қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері жүргізген рейд жүргізілуде. Алғашқы үш күн ішінде қаладағы 45 нысан тексерілген. Жетеуі – құрылыс, 11-і – автожөндеу, 15-і – автожуу, сегізі – кафе, төртеуі – базар. Нәтижесінде балаларды келісімшартсыз жұмысқа тарту және жасөспірімнің жұмыс жасау уақытына қатысты 16 заңбұзушылық анықталды. Жұмыс берушілер тарапынан жіберілген бұл заңбұзушылықтар бойынша Орал қаласы Полиция басқармасы тарапынан өтінішхат дайындалып, облыстық жұмысен қамту басқармасына жолданбақ. Жұмыс берушілерді жауапқа тарту жөнінде аталған құзырлы мекеме шешім қабылдайтын болады.
Айта кетейік, 1 маусымнан бастап облыс аумағында «Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ!» ұранымен «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны өткізілуде.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz


Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу