БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ НАЗАРДА
«Атамекен» қалалық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы базасында жазғы демалыс маусымында 1500 оқушының жайлы демалысын қамтамасыз ететін «Атамекен» лагері жұмысын бастады. Үш айлық лагерьдің алғашқы ауысымының ашылуына қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов қатысып, балалар орналасқан корпустардың жай-күйін, қауіпсіздік шараларын қадағалады.

Биыл қала бойынша 37 мыңнан аса бала лагерьлерде демалады. Бұл қала мектептеріндегі оқушылардың 82 пайызы. «Атамекенмен» қатар мектептерде тамақтану ұйымдастырылған, профильді, шатырлы лагерьлер жұмыс жасайды. 1 маусым күні алғашқы демалушыларын қабылдаған «Атамекен» лагеріне 206 бала келген. Олардың ішінде аз қамтылған отбасылар санатынан 136 бала тегін, 30 шақты дарынды ұл-қыз 50 пайыздық жеңілдікпен жолдама алса, қалғандары ақылы түрде демалысқа келгендер.
– Алғашқы үш күніміз қызықты өтті. Спорттық ойындарға, танымдық шараларға қатыстық. Тобымызда 26 баламыз. Жақын танысып, достасып үлгердік, – дейді Сырым ауданынан келген 10 жасар Нұрталап Ығылман.
Қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов лагерь демалушыларына сәтті демалыс тілеп, әрдайым лагерьге демеушілік жасап жүрген «Сбербанк» АҚ өкілдері сыйлықтар ұсынды.
Аптаның басында Нұр-Сұлтан қаласындағы жазғы лагерьде демалып жүрген қыз баланың бассейнге батып кеткені белгілі. Осы оқыс оқиғаны еске салған қала әкімінің орынбасары Бақытжан Хаберұлы қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды. «Атамекен» орталығының директоры Жасұлан Сәкеновтың айтуынша, тәрбиеші-тәлімгерлерден бөлек екі нұсқаушы әрдайым балалардың жанында. Олар балғындарды жүзуге үйретеді. Бассейнге түсу кезінде балаларға құтқару кеудешелері беріледі.
– Лагерь маусымының ашылуына жан-жақты дайындық жүргізілді. Балаларға бес мезгіл тамақ беріледі. Он күндік демалыс әр түрлі қызықты шаралармен айшықталады. Балалар қаламыздағы музейлерге экскурсия жасап, кинотеатрларға барады. Жайық өзені бойымен серуен ұйымдастырылады. Туризм техникасына, суда жүзуге үйренеді. Жедел құтқару жасағының сүңгуірлері келіп, базалық суда жүзу дағдылары бойынша шеберлік сағаттарын жүргізеді. 13 маусымнан бастап ағылшын тілі курстары жүргізіледі, – дейді туризм және экология орталығының директоры Жасұлан Сәкенов.
«Қайсар» шатырлы лагері де осы аумақта орналасқан. Мұнда мектепішілік және жергілікті полицияның бақылауына алынған және өмірін Отан қорғау ісіне арнауға ниеттенгендер демалуда. Әскери тәртіппен жүргізілетін лагерьде 200 ер бала қамтылатын болады. Сондай-ақ қалалық білім беру бөлімі жазда салт-дәстүрді жаңғырту мақсатымен этно-мәдени лагерь ұйымдастыруды жоспарлаған. Қала әкімінің орынбасары бұл ойды құптап, қала әкімдігі бірнеше киіз үй тауып беретінін жеткізді.
Эльмира НҰҒМАНОВА




Соңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ

Кіру
Пікір үстеу