БАЛАЛАР ҚАЛАЙ ДЕМАЛАДЫ?
Міне, кезекте оқу жылы да аяқталды. Екі күннен соң орта мектептерде соңғы қоңырау үні соғылады. Қазір білім беру бөлімі оқу жылының аяқталуына орай оқушылардың жазғы демалыс маусымын ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.

Барлық қала мектептерінде 25 мамыр күнгі соңғы қоңырау салтанатынан кейін «Жазғы демалысты ұйымдастыру және қауіпсіздік шаралары» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізіліп, нұқсқаулық жасалып, жадынамалар үлестіріледі. Жиналыс барысында ата-аналар үш ай ішінде өз балалары қайда демалып, бос уақытын өткізетін орындары анықталады. қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, биыл жазғы демалысты ұйымдастыруға 47 457 мың теңге бөлінген.
Білім беру бөліміне қарасты «Атамекен» қалалық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығында үш ай бойы 1500 оқушы демалады деп жоспарланған. Оның 600-і әлеуметтік жағынан аз қорғалған, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатынан болмақ. Демалысты ұйымдастырудағы басым бағыттардың бірі – дарынды оқушыларды 50 пайызы ата-аналары есебінен демалыспен қамту. Осы санаттығы 230 оқушы да «Атамекенде» демалады. Қазір аталмыш лагерь жұмыс жоспарларын бекітіп, дайындық жұмыстарын пысықтауда. Бүгінде «Үш тілді білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған Жол картасы» аясында лингвистикалық бағытта және туристік-өлкетану бағытында жұмыстар жүргізуге жоспар бекітілген. Сонымен қатар «Қауіпсіз маршрут» жобасы аясында жолда жүру ережелері бойынша кабинет жасақталып, бір сағаттық оқытулар өткізілетін болады. Лагерь демалушылары бассейнде базалық жүзу дағыдыларын үйренеді.
Бұдан бөлек қаланың 46 мектебінде тамақтануы ұйымдастырылған лагерлер ашылып, 5680 бала, 51 мектептегі тамақтану ұйымдастырылмаған лагерде 23 150 бала демалысын өткізеді. Төртінші жыл қала мектептері жанындағы лагерлерде бағдарлы алаңдар жұмыс жасауда. Яғни барлық мектептерде үш тілді оқыту алаңдары, интеллектуалдық, дебаттық мектептер, «Жас ұлан», «Жас қыран» көшбасшылар мектебі, спорттық-туризм алаңдары жоспарлы жұмыс жасайтын болады.
Тоғызыншы жыл қатарынан білім беру бөлімі «Мирас», «Рахат» шатырлы лагерлерін ұйымдастырып келеді. Демалыстың бұл түрімен 51 мектептен 1700 баланы қамту көзделген. Шатырлы лагерлерде туристтік-өлкетану бағытында жұмыстар жүргізіліп, оқушылар болашақ ғылыми жоба жарыстарына дайындық жүргізеді. 2011 жылдан бері «Қайсар» патриоттық лагері жұмыс жасауда. 2019 жылы бұл лагерде мектепішілік бақылауда, жергілікті полицияның бақылауында тұрған және өмірін Отан қорғау ісіне арнағысы келген 200 ер бала өз демалысын өткізеді. №6, 17, 26 мектептерінде 100-де аса баланы қамтыған шатырлы лагерлер жұмыс жасайды.
Жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және аз қамтылған отбасынан 13 жасар он үш оқушы шілде айында Италияның Чезенатико қаласында демалыстарын өткізеді. №12 мектеп жанындағы үлескеде, Круглоозерный мектебінің ұйымдастыруымен Калентьев шаруа қожалығында 130 баланы қамтыған еңбек және демалыс лагері жұмыс жасайды.
Жазғы демалыстың қауіпсіз ұйымдастырылуы үшін білім беру мекемелерінің жазғы лагерь басшылары және жауапты тұлғалардың қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтан өтуі қадағалауда. Қазір барлық мектпетерде судағы қауіпсіздік ережелері бойынша слайд материалдары жасақталып, сынып сағаттары өткізілуде. Сонымен қатар лагерлердің басшылары облыстық төтенше жағдайлар департаментінде, судан құтқару станциясында «Атамекен» қала сыртындағы лагері, шатырлы лагерлері мен 33 мектеп жанындағы судағы қауіпсіздік бойынша семинарға қатысып, нұсқаулықтар алады.

Білім беру бөлімі хабарлағандай, Балалардың демалысын, сауықтырылуын және бос уақытын тиімді пайдалану бойынша көрсеткіш 2015 жылы – 76 пайыз болса, 2016 жылы – 77,5 пайыз, 2017 жылы – 79,7 пайыз, 2018 жылы – 81 пайызға көтерілген. Биыл 1-10 сынып оқушыларынан 82,8 пайызын қамту жоспарлануда.

Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу