8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Шілде 2020 1808 0
Жалын

БАЙЛАНЫССЫЗ КӨШЕ АВТОКИНОТЕАТРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен  6 шілде күні Елордамыздың туған күніне орай Жәңгір хан 160 мекенжайында орналасқан мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының автотұрағында елімізде орын алған төтенше жағдайды ескере отырып жастардың бос уақытын тиімді өткізу, сондай-ақ қазақ кино өнерін қолдау мақсатында ашық аспан астында Нұрлан Қоянбаевтың «My love is Айсұлу» фильмі байланыссыз кинокөрсетілім ретінде өткізілді.

Автотұрақта өткізілген ерекше форматтағы шарада 240 автокөлік тұраққа орналасып, жастар көліктен шықпай, санитарлық нормаларды сақтай отырып, отандық фильмді тамашалап, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Кинокөрсетілімге келушілерге автотұрақта белгілі қашықтықты сақтай отырып өз көліктерінен шықпай кино көру,  медициналық қорғаныш маска кию, әр 20 минут сайын қолды антисептикалық сұйықпен сүртіп отыру талаптары қойылды.

Кинокөрсетілім барысында Ақжайық волонтерлері келушілерге әлемде жайлаған індеттен сақтану жолдары туралы ақпараттық парақтар, маскалар мен тәттілер таратты.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
81 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
116 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
212 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
196 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»