БӨРЛІДЕ ҚҰРАН ОҚУ ЖАРЫСЫ ӨТТІ
Бүгін Тәжиден Батырұлы мешітінің бас имамы Мейрамбек Әбдірахманов жұмыс сапарымен Бөрлі аудандық мешітінде болып, жамағатпен жүздесті.

Ақсай қаласындағы Алланың үйінде болған М.Әбдірахманов жұма намазына қатысып, «Ислам – бейбітшілік діні» тақырыбында уағыз айтты. «Жер бетіндегі барлық діндер бейбітшілік, рақымдылық, әділдік сияқты жоғарғы құндылықтарға негізделген. Солардың ішінде, ең соңғы кемеліне келген әрі мейірім мен рақымдылықты ту еткен дін – Ислам діні. Дін – адамзат тарихы мен мәдениеттің ажырамас бөлігі. Дінін білген адамға тегі, тегін білген адамға діні ешқашан жат саналмайды. Ислам діні – Алла тағаланың Мұхаммед пайғамбар арқылы жіберген ақиқат жолы» – деп сөзін бастаған бас имам аталмыш тақырып төңірегінде әңгіме өрбітті.
Сонымен қатар М.Әбдірахманов Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен Сириядағы соғыс аймағынан отандастарымызды елге қайтаруға бағытталған «Жусан-2» операциясы жөнінде айтып өтті. Және операцияның Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің халықаралық аренадағы жоғары беделінің және еліміздің бейбітшілік бастамалары, қағидаттары негізінде жүзеге асқандығы туралы да баяндады.
Жұма намазынан соң Бөрлі аудандық мешітінде «Құран түскен Рамазан» атты Құран кәрімді жүзінен және жатқа оқу сайысы өтті. Қазіргі таңда «Сендердің жақсыларың Құранды үйренгендерің және оны үйреткендерің» деген хадиске амал етушілердің қатары көбейіп келеді. Осы мақсатта қасиетті рамазан айында мешіт жамағаты арасында өткізілген сайысқа 13 үміткер қатысты. Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастыралытын Құран жарысын Бөрлі аудандық мешіті және «Парасат» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Жарыс талабына сәйкес қатысушылар Құран кәрімді жүзінен оқу және өзі жатқа білетін сүресін жатқа оқу арқылы екі кезең бойынша бақтарын сынады. Жарысқа Тәжиден Батырұлы мешітінің бас имамы М.Әбдірахманов, Бөрлі аудандық мешітінің бас имамы Қ.Жакенов, Қырғызстан елінен келген қари Қ.Анарбаев қазылық жасады.
Сайыс қорытындысы бойынша А.Задыгер ІІІ орын, Б.Мырзағалиев ІІ орын, Е.Ербөлеков І орынды иеленді. Ал бас жүлде Муджәләдә сүресін жатқа оқып, төрешілердің талаптарынан мүдірмей өткен ең жас қатысушы – 13 жасар Садурдин Саттаровқа бұйырды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы сыйлықтар табысталды.



Үміт Жәңгірова , Бөрлі ауданы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты

Кіру
Пікір үстеу