БӨРЛІ АУДАНЫНДАҒЫ МЕКТЕПТЕРГЕ ШАҒЫН АВТОБУСТАР БЕРІЛДІ
Автобустар үнемделген аудандық бюджет қаражаты есебінен алынып, 15 мектепке берілді. Бұл туралы Бөрлі аудандық әкімдігінің инстаграмдағы парақшасында аудан басшысы Миржан Сатқанов жазды.

«Өткен жылдың үнемделген аудандық бюджет қаражаты есебінен ауданымыздың 15 мектебіне шағын автобустар алып беру мүмкіндігі туды. Бұл аудан тұрғындары, мектеп ұжымдары, оқушылары үшін үлкен қуаныш. Бүгін аталған автокөліктерді ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, мектеп ұжымдарына табыстай отырып, оқушыларының тасымалына, олардың сапалы да саналы білім алып, еліміздің дамуына өз үлесін қосатын азамат болып өсіп жетілуіне септігін тигізеді деп сенім білдірдім»,- деген жазбада Бөрлі ауданының әкімі Миржан Сатқанов.
Сондай-ақ аудан басшысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында білім саласына қатысты мәселелерге ерекше тоқталып, білім беру сапасын жақсарту, балалардың қабілетін дамыту, ұстаз мәртебесін көтеру, мұғалімдердің жалақысын өсіру, қолжетімді әрі сапалы білім беруде мемлекет қарапайым мектептерге қолдау көрсетеді» деп атап көрсеткендей, ауданда білім беру саласын дамытуда жүйелі іс-шаралар іске асырылып жатқанын жеткізді.
zhaikuni.kz

Соңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу