8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Шілде 2021 1796 0
Қоғам

БҚО ТҰРҒЫНДАРЫ АРАСЫНДАҒЫ СҰРАНЫСҚА ИЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін қызметтер саны жыл сайын артуда. Қазір Батыс Қазақстан облыстық филиалы арқылы 659 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Ағымдағы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша облыстық филиал арқылы 300 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көретілді.

«Пандемия басталғалы бері көптеген қызметтер онлайн форматқа көшті. Дегенменде ХҚО-ға жүгінушілер саны азаймай отыр. Азаматтарды қабылдау кезекті алдын-ала брондау арқылы жүргізіледі. Жартыжылдықта 72 334 ЭЦҚ беріліп, 36 879 автокөлік құралы, 28 933 жылжымайтын мүлік нысаны тіркеуден өткен. Бұл облыс тұрғындары ең көп жүгінетін мемлекеттік қызметтер»,- дейді «Азаматтарға арналған үкіметтің» БҚО бойынша филиалының директоры Надир Құрымбаев.

Аймақта 17 халыққа қызмет көрсету бөлімі мен 1 Мамандандырылған бөлім жұмыс істейді. Жақын арада Орал қаласында ХҚО бөлімдеріндегі кезекті азайту мақсатында 10 өзіне-өзі қызмет көрсету секторы ашылды.

Айта кетейік, ХҚО-ға кезекті алдын-ала брондау арқылы келген қызмет алушылар Ashyq жүйесі арқылы тексеруден өтеді. Азаматтардан арақашықтықты сақтап, бетперде тағып, санитарлық нормаларды сақтауды сұраймыз.

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ

Батыс Қазақстан облысы бойынша

филиалының баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
108 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
162 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
349 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
341 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»