БҚО-НЫҢ СПОРТ САЛАСЫНДА 57,5 ШТАТТЫҚ БІРЛІК ҚЫСҚАРТЫЛЫП, 28 МЛН. ТЕҢГЕ ҮНЕМДЕЛДІ
Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте мемлекет басшысының мемлекет қаражатын үнемдеу жөніндегі тапсырмасын орындаудың бір нұсқасы – спорт саласын оңтайландыру екенін атап өткен БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы бұл бағытта спорт саласының қызметіне талдау жүргізілгенін жеткізді.

– Спорт саласының қызметіне талдау жасалып, биыл дене шынықтыру мен спорт саласы бойынша 57,5 штаттық бірлік қысқартылды. Қысқартылғандардың 30 пайызы – әкімшілік қызметкерлер болса, қалғандары техникалық қызмет көрсетуші персонал. Нәтижесінде 28 млн. теңгеден астам қаржы үнемделді. Осы үнемделген қаражатты жаттықтырушылардың немесе өзге де қызметкерлердің еңбекақысын өсіруге, спорт ұйымдарының материалдық базасын нығайтуға бағыттау жоспарланып отыр , – деді Қаймен Есенаманұлы.
Сондай-ақ жыл басынан бастап жаттықтырушылардың жалақысы 25 пайызға артқан болатын. Алайда күні бүгінге дейін жергілікті бюджетте қаражат тапшылығына байланысты бапкерлеріміз үстемақысын уақытында ала-алмай келді. Қаймен Есендияровтың сөзінше, желтоқсан айында республикалық бюджеттен трансферт арқылы қаражат бөлініп, қаңтар-желтоқсан айларындағы барлық үстемақылары толық төленбек.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Кіру
Пікір үстеу