БҚО ӘКІМІ ОРЫНБОР ЖӘНЕ САРАТОВ ОБЛЫСТАРЫНЫҢ ГУБЕРНАТОРЛАРЫМЕН ОНЛАЙН-КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
Орынбор облысының губернаторы Денис Паслермен келіссөз барысында негізгі тақырып Жайық трансшекаралық өзенін сақтап қалу бағдарламасы болды. Орынбор облысының басшысымен өткізілген бейнеконференция барысында Ғали Есқалиев Жайық өзенінің проблемасын шешудің бағдарламасын бірлесіп нақтылау қажеттілігін айтты.

Губернатор Денис Паслер бүгінде Табиғи ресурстар министрлігі Ресей Федерациясының Президентіне бағдарламаның дайындығы және қаржыландыру көзін анықтау туралы есеп дайындап жатқанын атап өтті.
– Бүгінде өңірлер арасында ғылыми ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. Мәселен, бұрын Орынбор сиыр еті институтының қызметкерлері БҚО-ғы қазақтың ақбас тұқымды ірі қара малын өсірумен батысқазақстандық ғалымдармен бірлесе айналысқан. Осы ынтымақтастықты қайта жандандыру қажет деп санаймын.
Сонымен қатар БҚО ғалымдары Ресей ғылым академиясы, Урал бөлімшесінің дала институтымен, Ресей Федерациясының биологиялық жүйелер мен ауылшаруашылық технологиялар федералды ғылыми орталығымен жұмыс істеуге де мүдделі, – деді облыс әкімі.
БҚО ет, трансформатор, полиэтилен құбырларын экспорттайды. Орынбор облысында азық-түлік өндірісі жақсы дамыған. Оны біздің аймаққа экспорттаудың болашағы бар. БҚО әкімі екі аймақ арасында іскерлік ынтымақтастық клубын құруды ұсынды.
Облыс әкімдігі Орынбор кәсіпкерлерінің БҚО-ның инвестициялық жобаларына қатыса алатынын айта кетіп, өңірде инвесторларға барлық жағдай жасалғаның атап өтті.
Келіссөз барысында Бөрлі ауданының тұрғындарын мазалайтын сұрақ та көтерілді. Бұл Орынбор облысының Ташла ауданындағы газ кен орнындағы газ қалдықтарын шамадан тыс ауа шығуы туралы болды.
Ғали Есқалиев осы мәселе бойынша бақылауды күшейтіп, біздің өңірдің мамандарына газ қалдықтарын ауаға шығу мөлшерін өлшейтін құрылғылармен жұмыс істеуге рұқсат беруді ұсынды. Орынбор облысының губернаторы облыс әкімінің ұсынысын қолдады.
Дәл сол күні Ғали Есқалиевтің Саратов облысының басшысымен онлайн-кездесу өткізді. Келіссөздің тақырыбы «Фомин» өткізу пункті арқылы автомобильдерді өткізу жұмыстарына дайындық туралы болды.
Валерий Радаевтың айтуынша, Александров Гайдан «Фомин» бекетіне дейінгі жолды жөндеу 2021 жылы басталады. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан соң, «Фомин» өткізу пунктін автокөліктерге ашу жоспарланып отырғанын жеткізді.
БҚО әкімінің айтуынша, ІҚМ етін аталған пункт арқылы өткізу екі жаққа да тиімді және осы бағыттың үлкен әлеует бар екенін айтты. Сондай-ақ, Ғали Есқалиев БҚО тарапы бекеттің жұмысы жандану үшін қажетті инфрақұрылым салуға дайын екендігін айтты.
Кездесуде Ғали Есқалиев екі аймақтың кәсіпкерлері арасындағы іскерлік ынтымақтастық клубының жақсы жұмыс жасап тұрғанын атап өтті. БҚО-да КВИ өршіп тұрған кезде Саратов облысының кәсіпкерлері жеке қорғаныс құралдарын жеткізіп қолдау көрсетті. Сонымен қатар, Саратов мемлекеттік медицина университетінің қызметкерлері мен жергілікті дәрігерлер арасында кәсіби кеңес алмасу жоғары деңгейде болғанын атап өтті.


Губернаторлармен болған екі онлайн-кездесу барысында облыс әкімі эпидемиологиялық ахуал жақсарған жағдайда, келесі жылы экологиялық, спорттық және мәдени іс-шараларды, екіжақты сауда жәрмеңкелерін үзбей өткізіп тұруды ұсынды.
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу