БҚО ӘКІМІ АҚЫН ДАРИҒА МҰШТАНОВАНЫ МЕРЕЙЖАСЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов өңірімізге танымал ақын, журналист Дариға Мұштановамен кездесіп, өнер иесін мерейлі жасымен құттықтады.

-Сіз талантыңыз бен еңбегіңіздің арқасында осы жасқа абыроймен жетіп отырсыз. Еліміз егемендік алмаған кездің өзінде айтыс сахнасына шығып, қоғамның кемшін тұстарын халыққа шынайы жеткізіп, талай додаларда оза шапқансыз. Ол кездері қазақтың салт-дәстүрі мен киелі домбырасының да, керек десеңіз тілінің де ұмытыла бастаған кезі болатын. Бүгінгі таңда жоғалтқанымыз қайта оралған заман орнады. Көп ұлтты халқымыз бірлік пен татулықтың арқасында бейбіт тұрмыс кешуде. Сөздің құдіретін түсінетін халықпыз. Сіз сол өз сөзіңізбен, өлең шумақтарыңызбен қоғамды бірлікке шақыруға, өскелең ұрпаққа дұрыс тәрбие беруге үлкен үлес қосып келесіз. Сол еңбегіңіз үшін зор алғысымызды білдіреміз. Деніңізге саулық, отасыңызға бақ пен береке тілеймін,-деді облыс әкімі.
Сондай-ақ кездесу барысында қазіргі қоғамдағы ахуал, мәдениет саласының жайы мен жастар тәрбиесі туралы ой пікірлер айтылды. Соның ішінде өскелең ұрпақты кітап оқуға баулу, жарық көріп жатырған кітаптардың мазмұнына мән беру жайлы әңгіме қозғалды.
Мерейтой иесі өз кезегінде туған күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірген облыс әкіміне зор алғысын айтты.
БҚО әкімінің баспасөз қызметі
Фотоны түсірген: Темірболат Тоқмамбетов
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу