8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Шілде 2021 2297 0
Қалалықтар қаперіне

БҚО ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Меритократия қағидасына сәйкес Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы басшысының лауазымына Кадралиев Дархан Қаныбекұлы тағайындалды.     

Кадралиев Дархан Қаныбекұлы – 1989 жылы Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «физика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

 

Әр жылдары:

– студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарының Батыс Қазақстан облыстық штабының координаторы, жетекшісі; 

– «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының Батыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы;

– «Батыс Қазақстан облысы бойынша «Жас Отан» қоры» корпоративтік қорының директоры;

–  «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы қоғамдық саяси бөлімінің жастар саясаты жөніндегі кеңесшісі;

– «Нұр Отан» партиясы Орал қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып жұмыс жасады.

2016 жылдан Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Еске сала кетейік, бұған дейін БҚО ішкі саясат басқармасының  басшысы болған Даумов Нұрлыбек Жасқайратұлы ҚР Президент Әкімшілігінің және аудандық маслихат келісімімен, меритократия қағидасына сәйкес, Бөкей ордасы ауданының әкімі лауазымына тағайындалған болатын.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
191 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
237 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
417 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
405 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»