8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Наурыз 2020 2911 0
Қалалықтар қаперіне

БҚО ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Конкурстық комиссияның шешіміне және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің келісіміне сәйкес  Батыс  Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына Есендияров Қаймен Есенаманұлы тағайындалды.


Есендияров Қаймен Есенаманұлы – 1967 жылы туған. Білімі жоғары. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтын және Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары:
– Батыс Қазақстан облысы спорткомитетінің нұсқаушысы;
– Олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің (ОРМБЖМ) қазақ күресінен бапкер-оқытушы (Орал қ.);
– «Қайрат» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің  директоры (Орал қ.);
– Батыс Қазақстан облысы туризм және спорт басқармасы басшысының орынбасары;
– Батыс Қазақстан облысының ұлттық күрес және самбо федерациясының төрағасы;
– Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясы, тәртiптік комитетінің төрағасы, БҚО қазақ күресі федерациясының президенті;
2018 жылдың желтоқсан айынан бастап ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінде самбодан мемлекеттік жаттықтырушы қызметін атқарды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
96 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
148 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
337 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
325 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»