БҚО дене шынықтыру пәні ұстаздары арасында ашық қалалық спартакиадасы басталды

Бүгін 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай БҚО дене шынықтыру пәні ұстаздары арасында ашық қалалық спартакиадасы басталды.
Орал қаласының әкімдігінің қолдауымен БҚО білім басқармасы мен Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өтетін спартакиада 7 кезеңнен тұратын болады, олар: футзал, үстел теннисі, баскетбол, бестабан, бес асық/асық ату, волейбол, көңілді сөре.
Қараша айының 18 мен 3 желтоқсан күндері ұйымдастырылатын шараға 13 команда ниет білдірді. Атап айтсақ: Ақжайы, Бәйтерек, Бөрлі, Жаңақала, Жәнібек, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі ауданы, Шыңғырлау аудандары, БҚО мектептерінің құрама командасы және Орал қаласы мектептерінің құрама командасы.
Жарыстың ашылу салтанатына Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Армат Исанов, БҚО білі басқармасының әдіскері Ақтолқын Бақытжанқызы, “Орал” спорт клубының директоры Орынбасар Гилымов, Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-гимназиясының директоры Райхан Мақсұтқызы қатысты.
Аталмыш шараны алдағы уақытта дәстүрге айналдыру көзеделуде. Спартакиаданың қатысушы командаларына сәттілік тілейміз!
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ

Кіру