БҚО-ДАН ТҮРКІСТАНДАҒЫ МУЗЫКАЛЫҚ КЕШЕН ҚҰРЫЛЫСЫНА 484 МЛН. ТЕҢГЕ БЕРІЛЕДІ
Түркістан облысының Түркістан қаласында «Ақжайық» музыкалық кешені салынады. Бұған Батыс Қазақстан облысынан 484 млн. теңге бағытталмақ. Бұл туралы бүгін Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс 27-ші сессиясында мәлім етіліп, мәслихат депутаттары қолдайтындарын білдірді.

Аталған шығын Елбасының «Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» хаттамалық тапсырмасын орындау шеңберінде қарастырылуда. Осы ретте Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы №21-2 «2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізіледі.
– Бюджет Кодексінің 42-бабының 3-тармағы негізінде салықтық емес түсімдерді ұлғайту есебінен Түркістан облысының Түркістан қаласында «Ақжайық» музыкалық кешені құрылысына 484 млн. теңге сомадағы қаражат бағыттау ұсынылады. Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, облыстық бюджет 173,8 млрд. теңгені құрайтын болады, – деп хабарлады сессия отырысында БҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әсемгүл Әбенова.
Мәслихат депутаты Амангелді Таспихов бұл сұрақ бұған дейін облыстық мәслихаттың қаржы және бюджет мәселелері бойынша тұрақты комиссиясында қаралғанын жеткізіп, депутаттардың аталған мәселеге орай ой-пікірін білдірді.
– Өзімізде кейбір салалар үшін ресурс табылмай отырғанда, өзге облыстағы әлеуметтік нысанның құрылысы үшін қаржы бөлу идеясына депутаттардың қарсы болғаны рас. Мәселен, ауылдық елдімекендерде білім беру, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет саласы бойынша қызмет жасайтындарға коммуналдық төлемдері үшін өтемақы төлей алмай отырмыз. Ауыл-аймақтарға мамандарды да тарта алмай отырмыз. Өйткені, бірер жылдан бері үйді айтпағанда, көтермеақы бөлмей келеміз. Мұндай мәселелер баршылық. Дегенмен, алғашқы қаржы бөлінді және бұл еліміздің мәдени астанасын дамыту туралы Елбасының тапсырмасы. Сондықтан біз қолдаймыз, – деді аталған комиссия төрағасы, депутат Амангелді Сатыбалдыұлы.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу