БҚО-ДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 261 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН
БҚО-да өткен тәулікте коронавирустық инфекцияның 82 жағдайы тіркелді. Жалпы қазіргі уақытта облыстағы инфекциялық ауруханаларда 270 науқас ем алуда.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, соңғы аптада 440 адамнан коронавирустық инфекция анықталды. Пневмония белгілерімен 252 науқас стационарлық, 42 адам амбулаторлық ем алуда. 7 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына. 7 адам оттегі концентраторына, 63 науқас орталықтандырылған оттегіге қосылған.
Облыстағы жеті инфекциялық стационарда 591 төсек орын бар. Қазіргі уақытта 270 науқас ем алуда. Толымдылығы 45,7 пайыз. Карантиндік стационарларға 4 адам орналастырылды. Реанимациялық төсек орын саны – 62. Бүгінгі күні 19 науқас реанимациялық ем алуда. Қосымша 1986 төсек орын дайындалды. Олардың 1221 – инфекциялық, 765-і карантиндік орындар.
Бүгінге дейін студенттер мен мектеп жасына дейінгі балаларды жұқтырудың 466 жағдайы анықталды. Оның ішінде жыл басынан бері 261 жағдай тіркелген. Анықталғандай, олардың бәрі отбасы мүшелерінен жұқтырған.
Айта кетейік, қазір облыс «сары» аймақта. Бүгінге дейін коронавирустың 12 169 жағдайы тіркелді. Олардың 6 890-ы – ауру белгілерімен болса, 5 879 -ы симптомсыз. 10 283 адам сауығып шықты, өкінішке орай 199 адам көз жұмды.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу