БҚО-ДА ЖҰМЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРАСЫНДА ИНФЕКЦИЯ ЖҰҚТЫРҒАНДАР КӨБЕЙДІ
Бұл туралы кеше, 17 қараша күні облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен коронавирусқа қарсы облыстық жеделштабтың отырысында облыстың басмемлекеттік санитариялық дәрігері Мұхамғали Арыспаев мәлім етті.

Облыстағы эидемиологиялық ахуал тұрақсыз. Қараша айы басталғалы коронавирус инфекциясымен 503 науқас тіркелген. Бұл қазан айымен салыстырғанда 67 пайызға көп. Көп жағдайда ауру белгілері байқалмаған науқастардың саны артқан. Науқастардың 71 пайызы Орал қаласында тіркелген. Сонымен қатар Ақжайық, Бөрлі, Теректі, Шыңғырлау, Жаңақала аудандарында көбірек. Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев атап өткендей, сараптама жүргізу кезінде анықталған аурулардың көпшілігі қарым-қатынас кезінде жұқтырғаны белгілі болып отыр.
– Қазіргі көрсеткіштің 44 пайызы қарым-қатынас негізінде жұқтырғандар. Яғни біздің тұрғындарымыз әлі карантин талаптарын сақтамайды, маскасыз жүреді. Әсіресе, қоғамдық көліктерде бетперде тақпайды. Қарым-қатынаста жұқтырғандар арасында бір отбасы мүшелері немесе еңбек ұжымдары бар. Екіншіден, ЖРВИ белгілерімен емханаларға жүгінген тұрғындардан Covid-19-ға ПТР-талдау алынып, нәтижесі оң болғандар бар. Ол – 26 пайыз болып тұр. 19 пайызы ем алу мақсатында ауруханаларға келгендерді тексергенде белгілі болса, 8 пайызы жұмысқа бару үшін анықтама алу кезінде тексерілгенде анықталды, – дейді Мұхамғали Қайыржанұлы.
Облыстық бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің мәліметінше, қарашада Covid-19 инфекциясы жұмыс жасайтын азаматтардың арасынан көбірек анықталған. Дәлірек айтқанда, барлық тіркелген 503 жағдайдың 204-і жұмыс жасайтындар болып отыр. Сондай-ақ 16 жасқа дейінгі балалар арасында да ауру көрсеткіші қазан айында жетеу болса, ағымдағы айда 70 баладан анықталған.
– ҚР бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысында «эпидемиологиялық ахуал мүмкіндік берсе, 5 сыныптар үшін де «кезекші сынып» ашуға рұқсат беру» туралы жазылған еді. Дегенмен, біздің өңірде ахуал оған мүмкіндік бермейді. Сондықтан оқу процесі бұған дейін қабылданған форматта қала береді, – деді бас мемлекеттік санитариялық дәрігер.
10 қарашадан бастап екі аптаға шектеу шаралары қабылданған болатын. Сенбі-жексенбі күндері облыс аумағында жалпы 25 санитарлық бекет қойылды. Күшейтілген шектеу шараларын одан әрі жалғастыру мәселесі эпидемиолгиялық жағдайдың ағымына қарай қабылданатын болады.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу