БҚО-ДА ӨЗЕН ДЕҢГЕЙІ КӨТЕРІЛІП, ЖОЛДЫ СУ ШАЙДЫ
Бүгін, 8 ақпан күні Батыс Қазақстан облысындағы Рубежка өзенінің деңгейі көтеріліп, уақытша пайдаланылудағы жолды шайып кеткен. Бұл туралы БҚО ТЖД хабарлады.

Өзен деңгейінің көтерілуіне 3-6 ақпан аралығындағы қар мен жаңбырдың жаууы, күн райының жылынуы әсер еткен.
Бәйтерек ауданы Рубежинский ауылының шетіндегі негізгі көпір өткен жылдың қыркүйек айыннан бері күрделі жөндеуден өтуде. Құрылыс жұмыстарының қосалқы мердігері – «АНУШ» ЖШС. Негізгі көпірдің жөндеуге орай жабылуына байланысты көлік қозғалысы айналма жол арқылы ұйымдастырылған. Өзен деңгейінің көтерілуі осы ені 6 метр, ұзындығы 30 метр метір болатын айналма жолдың бір бөлігінің үгілуін тудырған. Бұл жағдай туралы құзырлы органдарға бүгін, 8 ақпан күні сағат кешкі 19.00 шамасында ақпарат түскен.
Оқиға орнына БҚО ТЖД басшылығы барды. Жағдай бақылауда. Қазіргі уақытта өзен арнасы түсуде. Төтенше жағдай департаментінің өкілдері елдімекендерді су басу қаупі жоқ екенін мәлім етті.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу