БҚО-ДА ҮЗДІК ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Қаладағы, ауылдық елдімекендердегі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыстың алдын алуда учаскелік инспекторлардың рөлі зор. Өйткені УПИ халықпен тығыз жұмыс жасайды. Көп жағдайда учаскедегі қылмыстың жедел ашылуы учаскелік инспекторлардың жұмысына байланысты болады.

Осы орайда БҚО Полиция департаменті учаскелік полиция инспекторларын ынталандыру мақсатында «Үздік учаскелік инспектор» байқауын ұйымдастырды. Алғашқы кезең әр аумақтық бөлімшелерде ұйымдастырылып, үздік инспекторлар анықталды. Негізгі конурсқа 13 учаскелік инспектор қатысты. Департмент басшылығы мен департаменттің кеңесші органы мүшелерінен құралған комиссия мүшелері бағалау кезінде қатысушылардың қызметтік міндеттерін атқарудағы жетістіктерімен қатар моральдық және іскерлік қасиеттерін назарға алды.
Полицейлер атыс және фикалық дайындықтан және нормативтік актті білуден сынға түсті. Конкурс комиссиясының шешімімен Орал қаласы Полиция басқармасы жергілікті полоиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Талғат Өксімбаев үздік атанды.
Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Талғат Жұмагерейұлы ішкі істер органдары саласында 20 жылдан аса уақыттан бері қызмет етеді. №6 учаскелік полиция пунктінің аға учаскелік полиция инспекторы. Енді ол шілде айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін республикалық сайысқа қатысып, облыс намысын қорғамақ.

Соңғы жаңалықтар
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
БҚО-да ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселесі талқыланды
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз

Кіру
Пікір үстеу