8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Қараша 2020 958 0
Қоғам

БҚО-ДАҒЫ ШАРУАЛАР КҮЗГІ ЖҰМЫСТАРДЫ ТИЯНАҚТАУДА

БҚО-да күзгі жиын-терін жұмыстары аяқтала келді. Облыста ауыл шаруашылығы дақылдарының алқабы 542 мың гектарды құрады. Мал азығы да қажетті мөлшерде  жиналды. Ауыл шаруашылығын қолдауға бағытталған субсидиялау бағдарламалары жалғасуда. Бұл туралы БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Денис Омашев айтып берді.

Биыл 232 мың гектарға дәнді дақыл, 123 мың гектар майлы дақыл, 9 мың гектар аумаққа картоп, бақша өнімдері өсірілсе, 183 мың  гектарға мал азықтық дақылдар егілген. Егін орағының басында барлық қажетті техникалар дайындалып, 5000-ға тарта трактор, 1000-ға жуық комбайн және басқа ауыл шаруашылығы техникалары жұмылдырылды. Егін ору жұмыстарына Атырау мұнай өңдеу зауытынан бағасы литріне 167 теңгеден болатын 11 мың тонна арзандатылған дизель отыны алынған. Бұл Оралдағы Мұнай базалары арқылы бөлініп берілген. Облыс бойынша лицензиялы сегіз астық қабылдау кәсіпорыны бар, барлық астық қабылдау кәсіпорындары біліктілік талаптарына сәйкес келеді. Астық сақтау қоймаларының сыйымдылығы 514,8 мың тонна. Мамандардың сөзінше, бұл облыстағы жиналған астық, майлы дақылдарды сақтауға жеткілікті. Картоп және көкөніс, бақша дақылдары да толығымен жиналды. Денис Омашевтің  айтуынша, жалпы 57,5 тонна картоп, 46 мың тонна көлемінде көкөніс өнімі, 24 мың тоннадай бақша өнімі жиналған.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
109 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
165 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
229 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
263 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
308 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»