8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Шілде 2021 4224 0
Қалалықтар қаперіне

БҚО-ДАҒЫ МАХАМБЕТ УНИВЕРСИТЕТІ ВАКЦИНА АЛҒАНДАР АРАСЫНДА ҰТЫС ЖАРИЯЛАДЫ

М.Өтемісов атындағы БҚУ ректораты оқытушылардың, қызметкерлердің, магистранттардың, студенттердің ұжымын ынталандыру мақсатында 2021 жылдың 1 шілдесі мен 31 тамызы аралығында «Мен өмірді таңдаймын!» атты акциясын өткізеді. Акцияға 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап коронавирусқа қарсы екпе алған тұлғалар қатысады.

Бүгінде университеттің профессорлық – оқытушылық ұжымы, университет қызметкерлері Сovid – 19-ға қарсы вакцинациялау бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді қатысуда. Оқу орны ректорының көмекшісі Төрехан Дүйсенбаевтың мәлімдеуінше, акцияны ұйымдастырудағы мақсат – ұжымдық иммунитетті қалыптастыру және 2021-2022 оқу жылында дәстүрлі оқыту форматына көшуді қамтамасыз ету, қызметкерлер мен профессорлық – оқытушылық ұжым мен білім алушыларды Сovid – 19-ға қарсы вакцина алуға белсендіру.

– Акция оқытушылар мен білім алушылар ұжымының белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Екпе алғандар ұтыс ойынына қатысады және жеңімпаз атанғандарға сыйлықтар, жеңілдіткер ұсынылады, – деді оқу орнының өкілі.

Атап айтқанда, 120 магистрант пен студентке оқу ақысына 5 пайыздық жеңілдік беріледі.

Сонымен қатар сыйлықтар қатарында Нұр-Сұлтан қаласына – 25 туристік жолдама, Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи, Арстан Баб кесенесіне, Отырар қалашығына, Керуен сарайына – 20 туристік жолдама, «Мобилография» курсын оқуға – 10 сертификат, Фитнес – орталыққа – бір айлық 10 абонементтік сертификат бар. 50 қатысушы 15 000 теңге көлемінде сыйақымен марапатталады.

Акцияға қатысушы 50 оқытушы мен қызметкер 30 000 теңге көлеміндегі сыйақымен марапатталады және  4 адамға «Ақжайық» сауықтыру шипажайына 100 пайыз төлеммен жолдама беріледі.

Ұтысқа ұміткер болу үшін акцияға қатысушы e-mail-ге өзі қатысқысы келетін ұтыс түрін көрсете отырып, вакцинация туралы паспорттың электрондық нұсқасын жіберуі қажет. Оқытушылар мен қызметкерлер zapkazgu@mail.ru электронды пошта мекенжайына, магистранттар мен студенттер k.abylai_95@mail.ru электронды пошта мекенжайына жіберуі тиіс.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
104 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
157 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
344 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
337 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»