БҚО-ДАҒЫ ЕМХАНАЛАР ЖАНЫНАН 123 МОБИЛЬДІК БРИГАДА ҚҰРЫЛДЫ
БҚО-дағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты мобильдік бригадалардың жұмысы туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Г.Әбдрахманова мәлім етті.

Қазіргі уақытта Тасқала, Жәнібек, Ақсай және Сырым санитарлық бекеттері жанында ашылған жалпы 185 төсек-орын қоры бар төрт карантиндік стационарда 28 науқас жатыр. Қосымша резервті инфекциялық төсек орындарынан Бөкейорда ауданынан 16 инфекциялық төсек орны ашылды.
Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы, облыстық көпбейінді аурухана және Бөрлі, Ақжайық, Жәнібек, Бәйтерек және Бөкейорда аудандық ауруханалары базасындағы 349 төсек-орындық жеті инфекциялық ауруханада 117 адам емделуде. Толымдылығы – 33,5 пайыз. 37 реанимациялық төсек орын бар. Қазір 8 адам реанимациялық ем алуда.
Ем алушылардың көбі үлкендер екенін атап өту керек. Маманның мәліметінше, 80 пайызы 60-тан 80 жасқа дейінгі науқастар болып отыр. 20 пайызы – 80 жастан асқандар. Пациенттердің барлығында ілеспелі аурулар бар. 6 науқаста жүрек-қан тамырлары ауруы болса, бір науқаста тыныс алу жүйелері ауруы, тағы бірінде созылмалы бүйрек ауруы бар. Қазіргі уақытта өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған адам жоқ.
Сонымен қатар, 2028 резервтік төсек-орын қоры дайындалған, оның 1253-і инфекциялық стационарларда, 775 карантиндік стационарларда. Барлық емханалардағы ситуациялық орталықтар сағат 8.00-20.00 аралығында жұмыс жасауда. Қазіргі таңда КВИ бойынша 1268 қоңырау келіп түсіп, 3200 COVID-19 бен ЖРВИ белгілері бар науқастар фильтрға жүгінген. Ақ халаттылар эпидемиологиялық жағдайға байланысты емханаға тіркелген тұрғындарға медициналық мекемелерге аса қажеттілік пен көрсеткіштерсіз бармауға кеңес береді. COVID-19 бен ЖРВИ белгілері бар науқастарды медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін мобильдік бригадалар жұмыс жасайды.
– Облыс емханалары жанынан 123 мобильдік бригада құрылды, олар үйге шақыртулар бойынша қызмет көрсету, анализ алу, оның ішінде ПТР алуды жүргізу сынды медициналық қызметтер кешенін жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі алгоритміне сәйкес КВИ-дің симптомсыз және жеңіл формасы бар пациенттерді амбулаториялық жүргізеді, кейіннен медициналық ақпараттық жүйеге енгізе отырып, амбулаториялық бақылаудың тексеру формасын толтырады. Мобильдік бригаданың жұмыс кестесі таңғы сағат 8.00-ден кешкі 20.00-ге дейін. Бригадалар арнайы автокөлікпен, жеке қорғаныс құралдарымен, сынамаларды жинауға арналған жинақтармен, антисептиктермен, пульсоксиметрлермен, артериалдық қысым өлшеуге арналған аппараттармен қамтамасыз етілген. Орта есеппен бір емхананың мобильді бригадасы күніне 9-10 шақыртуға барады, ал жалпы облыс бойынша 100 шақты шақыртуға барып, медициналық қызмет көрсетеді. Облыс тұрғындарына айтар өтінішіміз, ЖРВИ симптомдары байқалса үйде болып, дәрігерді шақырту үшін тіркеу бөліміне хабарласу қажет, ситуациялық орталық мамандары кеңес беріп, қажет болған жағдайда дәрігер қабылдауын ұйымдастырады, – деді Гүлнара Мақсотқызы.
Сонымен қатар 109 CALL-орталығы жұмыс жасайды. Кейінгі аптада «109» call–орталыққа – 2325 қоңырау келген, соның ішінде COVID–19 бойынша – 799 қоңырау түсті. Кейінгі тәулікте 515 қоңырау келіп түсіп, соның ішінде COVID–19 бойынша – 132 қоңырау болған..
Айта кетейік, бүгінге дейін облыста коронавирустық инфекцияның 7382 жағдайы тіркелді, соның ішінде симптомдық 3622 науқас, симптомсыз 3760 науқас. Жазылып шыққандар саны 6937 адамды құрайды (оның ішінде стационарлық деңгейде сауыққандардың саны 3200 адам, амбулаториялық деңгейде ем алып шыққан – 3737 адам). Жалпы 128 адам көз жұмды. Аурушаңдық көрсеткіші 1119 да 5-ті құрайды. Аурудың өсу темпі 0,61-ді құрайды.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама

Кіру
Пікір үстеу