БҚО-ДАҒЫ COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫ АНЫҚТАЛҒАН 39 НАУҚАСТЫҢ 32-СІ РЕСЕЙДЕН КЕЛГЕН
Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев мәлім етті.

Бүгінгі дейін облыста лабораториялық зерттеулер бойынша 39 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды. Ауру жағдайы расталған 32 азаматтың Ресей Федерациясынада вахта әдісімен жұмыс жасап келген.
– Соңғы тәулікте анықталып отырған тоғыз жағдайдың сегізі «Тасқала» өткізу бекетінде тіркелді. Қазіргі кезеңде осы Тасқала ауданында қосымша карантиндік стационар және провизорлық госпиталь ашылды. Шекарадан өткендер осы стационарларға орналастырылады. Карантиндік стационарға негізінен ауру белгілері жоқ адамдар жіберіледі. Дене қызуы көтерілген азаматтар тіркелсе, провизорлық госпитальға орналастырамыз. Сол жерде олар лабораториялық зерттеуге алынған сынамаларының қорытындысын күтеді. Егер нәтижесі оң шықса, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына оқшаулаймыз. Нәтиже теріс болса, азамат 14 күн үйде оқшаулануға жіберіледі. Бұл жұмыстар санитарлық-эпидемиологиялық-профилактикалық шара ретінде қатаң жүргізілуде, – деді облыстың бас мемлекеттік санитар-дәрігері Мұхамғали Арыспаев.
Ресейде жұмыс жасайтын облыс азаматтары Самарамен шекаралас «Сырым», Саратовпен шекаралас «Тасқала» өткізу бекеттері арқылы өтеді. Санитар-эпидемиолог мамандар осы өткізу бекеттерінде тәулік бойы жұмыс жасауда.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу