8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Тамыз 2020 1317 0
Қоғам

БҚО-ДАҒЫ БІЛІМ ҰЯЛАРЫ ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНАТЫН ИНТЕРНЕТ-ПЛАТФОРМАҒА ТАҢДАУ ЖАСАДЫ

Батыс Қазақстан облысындағы білім беру ұйымдарының басым бөлігі қашықтан оқытуда Bilim Media Group ұсынған online-mektep интернет-платформасын пайдаланбақ. Әр мектеп бірыңғай пайдаланатын интернет-платформаны педагогикалық кеңесте талқылап, таңдау жасауда. 

Қазіргі таңда облыс көлемінде мектептерде 14 мыңға жуық педагог жұмыс жасайды. Олардың 13 мыңнан астамы қашықтан оқыту форматындағы оқу процесін ұйымдастыру бағытындағы курстардан өткен. Қашықтан жұмыс жасайтын әр мектеп өз мұғалімдерінің таңдауы бойынша білім беру платформаларымен жұмыс жасайды.

БҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Зәуре  Ғұмарованың мәліметінше, батысқазақстандық білім ұяларының көпшілігі Bilim Media Group ұсынған online-mektep платформасын таңдаған. Сонымен қатар бір мектеп ЕduPage бағдарламасымен жұмыс жасамақ. Ортақ платформаға мектептің оқушылары, ата-аналары тіркеліп, сабақты ұйымдастыру барысында мұғаліммен кері байланыс жасай алады. Сонымен қатар облыс мектептері Kundelik.kz жобасына қосылған. Бұл жоба арқылы да кері байланыс жасаудың мүмкіндігі бар. Сондай-ақ басқа да ыңғайлы электрондық құрылығылар арқылы кері байланыс жасалады.

Еске сала кетейік, оқу жылы алдында  жалпы республикалық педагогикалық кеңестің аясында өңірдегі мектептерде педагогикалық кеңестер өткізілуде. Педагогикалық кеңесте оқу жылының басталуындағы ерекшеліктер, өзгерістер және оқу процесін ұйымдастыруға қатысты өзге де сауалдар бойынша түсіндіріліп, сабақты ұйымдастыру бойынша ұсыныстар қаралуда.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
115 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
170 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
238 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
268 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
313 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»