БҚО-ДАҒЫ 148 МЕКТЕПТЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ПӘНДЕР АҒЫЛШЫН ТІЛІ ЭЛЕМЕНТЕРІМЕН ОҚЫТЫЛУДА
Бұл туралы облыстық білім беру басқармасы мәлімдеді.

Келешекке кемел біліммен қадам басып, әлемдік білім кеңістігінің құпияларына үңіліп, қоғамға бейім, өз қабілетін таныта алатын, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген, құзіретті тұлғаны қалыптастыру басты мақсаттардың бірі. Елбасының үштұғырлы саясаты аясында шетел тілін үйрену, оның қолданыс аясын кеңейту бүгінде өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бүгінде ағылшын тілі бастауыш сыныптардан бастап оқытыла бастады. Бұл, қазіргі балалардың даму ерекшелігіне қарай дұрыс қадам. Себебі, бала жастайынан тілді базалық деңгейде білсе, болашақта кәсіби деңгейде үйреніп алуына мүмкіндік туады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен әзірленген 2015 – 2020 жылдары үш тілде білім беруді дамыту жол картасы және іс – шаралар жоспары негізінде облыс бойынша үш тілде білім беруді дамытудың 2015 – 2020 жылдарға арналған іс – шаралар жоспары дайындалып бекітілді.
Көптілді дамыту аясында ағылшын тілін ерте жастан оқыту жалғастырылуда. Үш тілде білім беруді енгізу бойынша ата – аналар, жұртшылық арасында ақпараттық – түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіледі.
Оқыту тіліне қарамастан барлық орта білім беру ұйымдарында ағылшын тілінде білім алушылардың тақырыптық үйірмелік және жобалау қызметі, білім беру ұйымдарында жазғы тіл мектебін ұйымдастыру және жүргізу 2015 – 2020 жылдарға арналған үш тілде білім беруді дамыту жол картасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылуда.
2019-2020 оқу жылында облыс бойынша 379 мемлекеттік білім беру ұйымы жұмыс жасайды(106513 оқушы). Соның 259-ы қазақ (68,33), 36-і орыс (9,49%), 84-і аралас (22,16%) мектептері.
72126 оқушы (67,71%) қазақ тілінде, ал 34399 оқушы (32,29%) орыс тілінде білім алады.
Орысша оқитын қазақ балаларының саны – 116108 (15,12%), ал 630 өзге ұлт өкілдері қазақ тілінде білім алады (0,59%).
Облыс бойынша 148 мектепте пилоттық режимде жаратылыстану-математикалық цикл пәндерін ағылшын тілінде оқыту элементтері енгізілді. Онда 359 пән мұғалімдері ағылшын тілінде сабақ жүргізуде. Осы пилоттық мектептердің «Физика», «Химия», «Биология», «Информатика» пәндері мұғалімдері біліктілікті арттырудың тілдік курстарынан өтті. Сонымен қатар тиісті сертификаттары мен дипломдары бар мұғалімдерге екі базалық лауазымдық жалақы көлемінде (35000тг) қосымша ақы төленіп келеді.
Қазіргі таңда мұғалімдерді курстан кейінгі сүйемелдеу мақсатында менторлық курстар, терминология бойынша факультативтер ұйымдастырылуда.
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу