БҚО-ДАҒЫ 13 МЕКТЕП КАРАНТИНГЕ ЖАБЫЛДЫ
8 ақпанда қол қойылып, күшіне енген облыстың бас мемлекетттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, білім ұйымында коронавирустық инфекциямен 1 жағдай тіркелсе, ұйым толықтай 14 күнге жабылады. Осы қаулы негізінде 8-12 ақпан аралығында қала және аудан бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қаулысымен 13 мектеп бойынша карантин жарияланып, кезекші сынып оқушылары уақытша қашықтан оқу форматына ауысты.

Бүгін, 12 ақпан күні өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған Батыс Қазақстан облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы брифингте БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев жыл басталғалы өңірде коронавирустық инфекциямен барлығы 2726 жағдай тіркелгенін мәлім етті. Оның ішінде 1 ақпаннан бері 889 жағдай анықталды. Аталған жағдайлар ЖРВИ белгілері бойынша тексерілген 418 адамда, жақын қарым-қатынаста болған адамдарды тексеру кезінде 270 адамда, профилактикалық мақсатта тексерілген 125 адамда және стационарларға емдеуге жатқызу алдында эпидемиологиялық қадағалау мақсатында сынама алынған 76 адамда анықталған.
1 ақпаннан бері КВИ жұқтырған науқастармен қарым-қатынастағы 1056 адам медициналық бақылауға алынды.
Соңғы аптада, 5-11 ақпан аралығындағы аурушаңдық өткен – 29 қаңтар мен – 4 ақпан аралығындағы кезеңдегі деңгеймен салыстырғанда төмендеуі байқалады.
Кәсіби құрамы бойынша тіркелген жағдайлардың жұмыс істейтіндер мен жұмыссыздар және зейнеткерлер арасында көбірек. Бір аптада 58 оқушыдан инфекция анықталған. Медицина қызметкерлері, мұғалімдер, балабақша тәрбиешілері, студенттер, күш құрылымдары қызметкерлері арасында да тіркелуде.
– Оқу жылы басталғалы мектепте дәстүрлі форматта оқитын 187 оқушыда, қашықтан оқитын 194 оқушыда COVID-19 инфекциясы анықталды. Жалпы 381 оқушы инфекция жұқтыру жағдайымен тіркелді. Оқу жылыының ұщінші тоқсаны басталғалы, яғни 11 қаңтардан бері оқушылар арасында 167 жағдай тіркелді. Олардығ 89-ы дәстүрі, 78-і қашықтан оқитындар. 8-12 ақпан аралығында қала және аудандардың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қаулысымен 13 мектеп карантинге жабылды, – деді спикер Нұрлыбек Ермекұлы.
Айта кетейік, індет басталғалы Батыс Қазақстан облысында COVID-19-дың 11 947 жағдайы тіркелді. Індеттен 9554 адам сауығып, 199 адам қайтыс болды. Өткен тәулікте, яғни 11 ақпан күні коронавирустық инфекциямен 75 жағдай тіркелді.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты

Кіру
Пікір үстеу