8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Қыркүйек 2019 2752 0
Өзек

БҚО-ДА ТОҒЫЗ ЖАСАР БАЛА ТОКҚА СОҒЫЛДЫ

Қате аяқ астында. БҚО Ақжайық ауданының Чапай ауылында  9 жасар бала қараусыз жатқан трансформаторға тоққа соғылып, ажал құша жаздады. Абырой болғанда, жасөспірім жоғары кернеулі 10 мың вольттық токқа соғылғанымен, тірі қалған. Енді айдың-күннің аманында жалғыз ұлынан айрыла жаздаған ана трансформатор иесін сотқа бермек.

Жазғы демалыс кезінде үйге сыймаған бала ойын қуып, мына ғимараттың ішіне кіреді. Бірақ ойыннан от шықты. 3 сынып оқушысын қуаты он мың вольттық тоқ ұрып, құлатқан. Ал қауіпті аймақ қараусыз жатырған көрінеді. «Тіпті «кіруге болмайды» деген бір белгі жоқ» дейді Сандуғаш. Көз жасы көл болған ана ұлының аман қалғанына шүкіршілік етеді. Абайсызда тоққа түскен 9 жасар – Мұрат Назардың басы, қол-аяғы күйіп қалған. Анасы  Сандуғаштың айтуынша, тоқ ұрғанда жеткіншек  талып қалған. Ұлымен бірге болған екі жасөспірім оны трансформатор орналасқан ғимараттан алып шыққан. Оқиға 29-шы тамыз күні болған. Денесін күйік шалған  бүлдіршінге алдымен Ақжайық аудандық ауруханада алғашқы жәрдем көрсетілген. Кейін жедел жәрдем облыс орталығына әкеледі. Дәрігерлер баланың қазіргі жағдайы ауыр дейді. Ол облыстық балалар ауруханасының  жансақтау бөлімінде  ем алуда. Айта кетейік, Чапаев ауылдық округі  әкімдігі қызметкерлері аталған нысанның жабық болғанын айтады. Денгенмен, құзырлы орган өкілдері сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
91 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
145 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
334 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
322 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»