8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Шілде 2020 1527 0
Өзек

БҚО-ДА ТАҒЫ ҮШ АДАМ СУДА КӨЗ ЖҰМДЫ

БҚО-да тағы үш адамның мүрдесі су түбінен шығарылды. 

Төтеншеліктер тарапынан жүргізіліп жүргізіліп жатқан түсінік жұмыстарына қарамастан, судағы қауіпсіздіктің сақталмауы салдарынан өңірде қайғылы оқиғалар артып тұр. БҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиғалардың барлығы дерлік  суға шомылуға жабдықталмаған орындарда тіркелуде.

Мәселен, 10 шілде  күні сағат 16.36-да 2002 жылғы азаматтың суға батып кеткені туралы хабар түскен. ТЖД құтқарушыларының күшімен оның денесі бүгін, 12  шілде күні сағат 10.07-де Жайық өзенінен шығарылды.

Құтқарушылар бүгін, 12 шіде күні сағат 8.25-те Жайық өзенінің Ақжайық ауданы Базаршолан ауылы, Ескі есім елдімекені тұсынан 2001 жылғы азаматтың денесін шығарды. Жабдықталмаған жағалауға суға шомылған ол 11 шілде күні кешкі сағат 18.00 шамасында суға батып кеткен.

Сондай-ақ кеше, 11 шілде күні кешкі сағат 22.38-де Оралдың 1-ші саяжай аумағында Жайық өзенінен 1960-шы жылғы азаматтың денесі табылған. Оның суға қалай батып кеткені белгісіз.

Айта кетейік, бұған дейін төтеншеліктер төрт күн ішінде алты адамның суға батып кеткенін мәлімдеген еді. Жыл басынан бері облыста 13 адам суда көз жұмған.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
72 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
110 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
204 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
191 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
411 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»