8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Сәуір 2020 1322 0
Өзек

БҚО-ДА ТАҒЫ ЕКІ АДАМНАН КОРОНАВИРУС АНЫҚТАЛДЫ

Бүгін Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған екі адам тіркелді. Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының мәліметінше, екеуі де түркістандық.

Екеуі Ресей Федерациясында вахта әдісімен жұмыс жасайтын Түркістан облысының 1991, 1964 жылғы тұрғындары.

Олар Ресей Федерациясымен шекарадағы «Тасқала» автоөткелінен жаяу өткен. Сол жердегі санитарлық-карантиндік бекетте эпидемиолог мамандар байланыссыз термометрия және сауалнама жүргізу кезінде олардың денсаулыққа шағымдары болмаған. Алгоритмге сәйкес, СКП эпидемиологтары жедел жәрдем шақырып, азаматтар карантиндік стационарға жатқызылды.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен екеуінен де COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Науқастар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды. Қазір жағдайлары қанағаттанарлық.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.

25 сәуір күнгі жағдай бойынша облыста COVID-19 инфекциясын жұқтырған 102 адам тіркелді.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
110 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
166 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
230 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
264 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
309 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»