БҚО-ДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРҒА ДЕН ҚОЮ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨҢІРЛІК ТРЕНИНГ-ОРТАЛЫҒЫ ҚҰРЫЛАДЫ
Бұл 17-18 ақпанда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында талқыланды.

Юрий Ильиннің екі күндік жұмыс сапары Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевпен бірге «Уральскагрореммаш» АҚ Өрт сөндіру автомобиль техникасын шығару зауытын аралаудан басталды, онда ол өндіріс барысы туралы хабардар етілді және акционерлік қоғамның тауарлары мен қызметтерінің ассортиментімен (автоцистерналар, сыйымды-құю техникасы, өрт сөндіру техникасы, тез тұрғызылатын ғимараттарға арналған металл конструкциялары) танысты.
Бұдан кейін Батыс Қазақстан облысы ТЖД дағдарыс орталығында жедел жағдай және су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері бойынша облыс аумағында орналасқан ТЖД аумақтық бөлімшелерімен жұмыс кеңесі өткізілді.
Жұмыс сапарының екінші күні Министр Ақсай қаласындағы модульдік өрт сөндіру бөлімінің құрылысын жоспарлау барысын тексерді, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Мұхтар Манкеевпен бірге өңірдің бірнеше елдімекенін аралады. Елдімекендердің аумағында өрт қауіпсіздігі саласын дамыту үшін өрт деполарын салу және жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі бар. Осы мәселелерге қатысты жергілікті атқарушы мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

Сондай-ақ, Бөрлі ауданының аумағында болуы мүмкін ірі ауқымды техногендік төтенше жағдайларға ден қою және салдарын жою бойынша басқару органдарының, азаматтық қорғаудың авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарының практикалық әзірлігі шеңберінде Юрий Ильинге және Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының өкілдеріне «Қазавиақұтқару» ТЖМ авиациялық бөлімшесінің МИ-8 тікұшағымен Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушыларымен оқу-жаттығу көрсетілді. Жаттығу барысында арнайы құрылғылармен құтқарушылар мен зардап шеккендерді түсіру және қабылдау және ТЖ болжанатын ауданнан зардап шеккендерді эвакуациялау бойынша тәсілдер пысықталды.

Юрий Ильиннің төрағалығымен Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Мұхтар Манкеевтің, Батыс Қазақстан облысы ТЖД бастығы Жасұлан Жұмашевтің, Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының өкілдері, ХАҚҰ Бас хатшысының орынбасары Андрей Кудиновтың, ХАҚҰ халықаралық департаментінің директоры Салтанат Ташматованың, ХАҚҰ-ның Орталық Азия өңірі елдеріндегі өкілі Жанұзақ Токушевтің және облыс аумағында жұмыс істейтін ірі шетелдік мұнай-газ компанияларының басшыларының қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.
Кеңес барысында Қазақстанның батысында өңірдің мұнай-газ саласының әлеуетті-қауіпті объектілері шоғырланған жердегі ХАҚҰ-мен бірлесіп төтенше жағдайларға авариялық ден қою жөніндегі халықаралық өңірлік тренинг-орталығын құруды жоспарлау және одан әрі ынтымақтастықтың басым бағыттарын дамыту бойынша бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Батыс Қазақстан облысы ТЖД бастығы, сондай-ақ ХАҚҰ өкілдері баяндама жасады.
ХАҚҰ қатысушы елдердің азаматтық қорғанысының ұлттық қызметтерін біріктіреді. қазіргі уақытта ұйымда 59 ел бар және тағы 16-сы бақылаушы-мемлекеттер болып табылады. Азаматтық қорғаныс қызметтерінің қызметкерлері, сондай-ақ халық үшін оқу және ақпараттық бағдарламаларды әзірлейді және дамытады.
Ұйымның мақсаты мемлекеттерге халықты қорғау мен көмек көрсетуді, сондай-ақ дүлей және антропогендік апаттар жағдайында мүлік пен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін құрылымдар құруға жәрдемдесу болып табылады. Кеңеске қатысушылар азаматтық қорғау саласындағы негізгі үрдістер туралы пікір алмасты. Кеңес қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды.
Сапар қорытындысы бойынша Юрий Ильин ТЖ-ға авариялық ден қою жөніндегі халықаралық өңірлік тренинг-орталығын құрудың маңыздылығын, сондай-ақ өңір халқы үшін іске асырылатын жобалардың сапасын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
БҚО ТЖД баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті
157 стран поддержали кандидатуру Ляззат Калтаевой на выборах в комитет ООН
Заңнамалық өзгерістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды

Кіру
Пікір үстеу