8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Шілде 2019 1578 0
Қоғам

БҚО-ДА ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ

ҚР ҰЭМ СК Батыс Қазақстан облысының Статистика департаменті үстіміздегі жылдың алғашқы жартыжылдығы бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты негізгі көрсеткіштер туралы мәліметтерді ұсынды. Департаменттің есептік мәліметіне сүйенсек,құрылыс саласында қарқын бар. Пайдаланылуға берілген тұрғын үйлердің көбеюі Ақжайық, Бөкей ордасы, Жаңақала, Бәйтерек, Теректі, Шыңғырлау аудандарында және Орал қаласында байқалады.

2019 жылғы қаңтар-маусымда орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 52 858,6 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2018 жылғы қаңтар-маусым деңгейіне 117,3 пайызды құрады.

Биыл 956 жаңа ғимарат, оның ішінде 896 тұрғын үй және 60 тұрғын үйге жатпайтын ғимараттар пайдалануға беріліп үлгерді. Тұрғын үй құрылысына 27 240,5 млн. теңге инвестиция бағытталған. Бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 6,6  пайызға артық. Қолданысқа берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 245,8 мың шаршы метрді құрады.

Бюджет қаражаты есебінен 5,8 мың шаршы метр жалға берілетін коммуналдық үйлер, жұртшылық қаражаты есебінен 180,9 мың шаршы метр тұрғын үйлер, кәсіпорынның меншіктік қаражат және басқа да қарыз қаражаттар есебінен 59,1 мың шаршы метр тұрғын үйлер пайдалануға берілді.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
68 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
105 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
201 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
185 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
408 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»