8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Ақпан 2021 1410 0
Қоғам

БҚО-ДА ТҮЛЕКТЕР ҮШІН ҰБТ-ҒА ДАЙЫНДЫҚ САБАҚТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

БҚО білім басқармасы түлектер үшін ҰБТ-ға дайындық сабақтарын жүргізуді бастады. Басқарманың жұмыс жоспарына сәйкес Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастырып отырған қаңтар – мамыр айлары аралығында оnline  консультация түрінде өткізілуде. 

БҚО білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірімізде алғаш рет ұйымдастырылған оnline сабақтар дүйсенбі – сенбі күндері аралығында Zoom платформасы арқылы өткізіледі. Бүгінде 5626 оқушы осы сабақтарға қатысып, білімдерін шыңдауда. Дайындық сабақтарын жүргізу үшін М.Өтемісов атындағы БҚУ, Жәңгірхан атындағы БҚАТУ,  «Өрлеу» ҰБАО АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ мен «Достық», «BILIM» білім орталықтарының педагогтері,  республикалық «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары, «Озат тәжірибелі» педагогтер тартылған.

Сонымен қатар мектептерде 9, 11 сынып оқушылары үшін 5 оқушыдан құралған арнайы топтарға жеке жұмыстар жүргізіледі. Облыс бойынша жалпы  8564 оқушы қамтылып отыр. Сондай-ақ, мұғалімдер телеграмм каналында әр пән бойынша чат ашып, оқушылардан келіп түскен сұрақтарға жауап беріп, білімдерін шыңдауға көмектесуде.

Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен педагогтер арасында тәжірибе алмасып, әдістемелік қолдау көрсету мақсатында пән мұғалімдері үшін әдіскерлер  озат тәжірибелі мұғалімдердің қатысуымен сенбі күндері онлайн режимде оқушыларды қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ға дайындауға «сенбілік мектеп»  жұмысын  жүргізуде.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
67 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
104 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
200 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
184 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
407 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»