БҚО-ДА ПРОФЕССОР ОТАРӘЛІ БҮРКІТОВТЫҢ 65 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Бүгін Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде ҚР білім беру ісінің Құрметті қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Отарәлі Бүркітовтың 65 жылдығына орай «Мемлекеттік тілдің ұлтаралық қатынас тіліне айналу үдерісі» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

1954 жылы Қаратөбе ауданында дүниеге келген Отарәлі Бүркітовтің өмірі бұрынғы Орал педагогикалық институты, қазіргі М.Өтемісов атындағы БҚМУ-мен тығыз байланысты. Пединститутты 1979 жылы бітірген Отарәлі осында оқытушылық қызметке қалып, кейін ҚазМУ-дың аспирантурасында білім алған. Ұстаз-ғалым бұдан кейін институтта аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, филология факультетінің деканы қызметтерін абыроймен атқарды. 1996 жылдан 2005 жылға дейін М.Өтемісов атындағы БҚМУ мен Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясында проректор болып, еліміздің білім беру саласының дамуына зор үлес қосты.
Ұстаздық және басшылық қызметтер атқара жүріп, қазақ тілінің тарихы, теориясы, стилистикасы, қазіргі қазақ көркем шығармаларының тілі, түркітану мәселелерін жүйелі зерттеп, 80-ге жуық ғылыми еңбек жазған. 1996 жылы «Баспасөз қызметіндегі публицистикалық стиль» тақырыбында кандидаттық, 2000 жылы «Қайталамалардың лингвостилистикалық жүйесі» докторлық диссертациясын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің диссертациялық кеңесінде сәтті қорғап шықты. Оның «Жұбановтану», «Профессор Қ.Жұбанов», «Түркітану», «Қазақ тіліндегі қайталама категориясы», «Қайталамалардың лингвистикалық жүйесі» сынды еңбектері қазақ тіл білімінің алтын қорына қосқан құнды туындылары болып табылады.
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің бастамасымен ұйымдастырылған конференцияның пленарлық мәжілісінде ғалыммен бірге еңбек еткен замандастары, одан тәлім алған шәкірттері, Нұр-Сұлтан, Атырау, Ақтөбеден келген әріптестері О.Бүркітовтің өнегелі өмір жолы мен тіршілікте жасаған жарқын істерін кейінгі ұрпаққа жеткізіп, кеңірек насихаттады.
Атап айтқанда, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Мұрат Сабыр, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарныың докторы Жантас Жақып, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Нұрбол Сәдуақас, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Жұмазия Әбдрахманова, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Сабыржан Мұхтаров, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың профессоры, филология ғылымдарының докторы Ғабит Хасановтар мінбеге көтеріліп, Отарәлі Бүркіттің лингвофольклортану, лингвистикалық мұрасы және тұлғалық келбеті туралы әңгімеледі. Сондай-ақ ғалымның туған тіліміздің мәртебесін көтеруге қосқан еңбегі аталып, конференция тақырыбы аясында жаңа әліпбидің қолданысы, әлеуметтік коммуникацияда жастар субмәдениетінің тілі, еліміздегі тіл саясатының жүзеге асуы, тіл болмысын сақтаудағы ұлттық әліпбидің рөлі туралы баяндалды.
Туған жерінің тау тұлғалы ұлына құрметі айрықша. Бұған дейін ұлағатты ұстаздың ізгі ісін дәріптеу мақсатында өзі еңбек еткен М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да профессор Отарәлі Бүркітов атындағы түркітану дәрісханасы ашылса, Орал қаласында көше атау берілді. 1990-2005 жылдары тұрған С.Есқалиев көшесі 120/1 мекенжайына құрмет тақтасы ілінді. Сонымен қатар артында қалған ғылыми еңбектері қайтадан жаңартылып, төрт топ болып шығарылды. Бүгінгі конференция да сол ізгі істердің жалғасы іспетті.


Елмұра АСХАТҚЫЗЫ
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама

Кіру
Пікір үстеу