8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Тамыз 2022 1943 0
Оқиға

БҚО-да полицейлер есірткі зертханасын жойды

Қарасора өсіретін жылыжайды Орал қаласының тұрғыны ұйымдастырған. Ол өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді өсіру үшін үйінің ауласына арнайы жабдықтар орнатып және тыңайтқыштар сатып алған.
БҚО ПД Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қара сора-2022» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында 1971 жылғы азаматтың тұрғылықты жерінен заңсыз бақшаны анықтады.
– Үйдің ауласынан жасырын қоршалған бөлме табылды, оның ішінде қарасора тәрізді өсімдіктері бар бес пластикалық контейнер болды. Сондай-ақ гаражда нарко-зертханаға жабдықталған жасырын жертөле үй-жайын анықтадық. Қабырғалары арнайы материалмен қапталған, жарықтандыру өсімдіктерді өсіруге арналған жарықдиодты және жылу шамдарымен жабдықталған, сору жүйелері, градустық құрылғылары бар ауа ылғалдандырғыш орнатылған. Тінту кезінде қарасора тәрізді өсімдік бұталары, белгілі бір иісі бар жасыл өсімдік тектес зат, қарасора тұқымын орау, электрондық таразы, өсімдіктерді өсіруге арналған түрлі тыңайтқыштар тәркіленді. Тиісті сараптама тағайындалды, – деді БҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы
полиция подполковнигі Әнуар Халелов.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 300-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. (Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру).

Айнара ИСА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
107 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
161 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
348 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
340 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»