БҚО-ДА ҚОСЫМША ПРОВИЗОРЛЫҚ СТАЦИОНАРЛАР ДАЙЫНДАЛУДА
Облыс орталығы Орал қаласында коронавиус инфекциясымен күрес жұмыстары жалғасуда. Бүгінде қауіпті пандамея инфекциясын жұқтырғандар саны өңірде де артып отыр. Сол себепті қосымша провизорлық стационарлары дайындалуда. Мәселен, Оралдағы облыстық тері-венерология диспансері қажет болған жағдайда ғана короновирус инфекциясын жұқтырған науқастармен байланыста болған немесе індет тіркелген аумақтардан келген облыс тұрғындарын уақытша оқшаулауға арналған орын ретінде пайдаланылмақ.

21-ші сәуір күні емдеу насанының қабырғасына ілінген ақпаратпен таныс болған қарпайым халық алаңдаулы.
– Біз ғимараттың жанында жүреміз. Мұнда біздің балалар серуендейді. Мұнда коронавирус инфекциясын жұқтырды деген күдікке іліккен адамдарды тасымалдайтын болады. Тұрмыстық қалдықтарды далаға шығарамыз. Дәретхана далада. Біз өз үйімізде оқшаулана алмаймыз,– дейді Назарбаев, 123 мекенжайында тұратын Надежда.
Айта кеткен жөн, облыстық тері-венерология диспансері қазір бос. Өйткені бұл орын тек қана қосымша оқшаулау орыны ретінде қолданылмақ. Бүгінде диспансер емделушілері қалалық №3 емханада ем қабылдауда. Барлық көрсетілетін медициналық көмек тоқтатылған емес. БҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Қаюпов облыс орталығындағы барлық көп бейінді ауруханалар шартты провизорлық стационарлар болып саналатынын мәлімдеді.
– Коронавирустық инфекцияның еліміз бойынша өсуі байқалады. Оны баршаңызда білесіздер. Біз қауіптің қалай болатынын білмейміз. Қандай жағдай болмасын дайын болуымыз керек. Қала бойынша барлық көпбейінді ауруханалар шартты провизорлық стационарлар болып саналады. Егер аурушаңдық көбейген жағдайда тері-венерология диспансерінен басқа да мекемелерді уақытша қолданатын боламыз,- деп атап өтті.
Сол себепті бұл емдеу мекемесі шартты провизорлық стационар болмауы да ықтимал. Облыста бүгінде 4 провизорлық және 4 карантиндік стационарлық орын бар. Ал COVID-19 инфекцясы анықталған науқастар облыстық инфекциялық аурулар ауруханасында ем алады.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу