БҚО-ДА ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІНІҢ КӨЛЕМІ АЗАЮДА
2019 жылғы қаңтар-қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 1 784,6 млрд. теңгені құрады. БҚО Статистика департаментінің мәліметінше, бұл өткен жылғыдан 6,2 пайызға төмен.

Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 2019 жылғы қаңтар-қыркүйекте 1594,3 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 2018 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда нақты көлем индексі 92,5% құрады. Газ конденсатының өндірісі 8,1%-ға төмендеп отыр.
Өңдеу өнеркәсібінде 2019 жылғы қаңтар-қыркүйекте 147,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл 2018 жылғы қаңтар-қыркүйек деңгейінен 11%-ға жоғары. Тамақ өнеркәсібінің үлесіне өңдеу өнеркәсібі көлемінің 33,9% тиесілі. 2019 жылғы қаңтар-қыркүйекте 47201,4 млн. теңгенің тамақ өнімдері, 2815,6 млн. теңгеге сусындар өндірілді. Ет, шұжық өнімдері, сүт, ірімшік пен сүзбе және макарон өндірістері өскен. Жеңіл өнеркәсіпте 892,6 млн. теңгенің өнімі өндірілген. Төсек жаймалары мен жұмыс киімдерінің өндірісі ұлғайып келеді.
Өзге металл емес минералдық өнімдер 9593,4 млн. теңгеге өндірілген. Нақты көлем индексі 2018 жылғы қаңтар-қыркүйек деңгейіне 81,8% құрады. 2018 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда тауарлық бетон өндірісі 48,6%-ға төмендеді. Металлургия өнеркәсібінде 2019 жылғы қаңтар-қыркүйекте өндіріс көлемі 20 840,9 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2018 жылғы қаңтар-қыркүйек деңгейіне 142,3% құрады. Бұл болаттан жасалған қырланған табақтарды өндіру және болаттан жасалған түрлі диаметрдегі құбырлар өндірісінің өсуімен байланысты екенін атап өткен жөн. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау жөніндегі кәсіпорындарда өндіріс көлемі 36,7 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2018 жылғы қаңтар-қыркүйек деңгейіне 97,1%.
Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау жөніндегі кәсіпорындарда өндіріс көлемі 5,9 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2018 жылғы қаңтар-қыркүйек деңгейіне 102,1% құрады.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу