8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Сәуір 2019 2824 0
Спорт

БҚО-ДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ

Спартакиада Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының жоспары бойынша Батыс Қазақстан облысы әкімдігімен, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментімен бірлесе ұйымдастырылуда. 

 

Дəстүрлі облыстық спартакиаданың мақсаты – ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын іске асыруда мемлекеттік қызметшілердің жетекші рөлін жəне дəстүрлі шараға айналған сайыстың мəртебесін арттыру, мемлекеттік қызметшілерді спортпен жүйелі шұғылдануға бағыттау, жарысқа қатысушылардың спорттық шеберліктерін шыңдау, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері үлгісінде бұқаралық спортты насихаттау.

Шараның салтанатты ашылуында облыс əкімі аппараты басшысының орынбасары А.Досжанов, облыстық мемлекеттік, банк мекемелері жəне қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кəсіподағының төрайымы А.Есекенова сөз сөйлеп, спартакиадаға қатысушыларды құттықтап, оларға жарыста сəттілік тіледі.

Биыл облыстық спартакиадаға 1000-нан астам мемлекеттік қызметші қатысады деп күтілуде. Олар осы сəуір айынан бастап  баскетбол, шахмат, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, жеңіл атлетика, қол күресі, шағын футбол, Президенттік көпсайыс түрлері бойынша жарысады. Екі кезеңдік жарыс 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне  қорытындыланады.

 

Фотосуреттерді түсірген Рафхат Халелов

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
90 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
144 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
332 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
322 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»