8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Мамыр 2020 1272 0
Өзек

БҚО-ДА КОРОНАВИРУСТАН САУЫҚҚАНДАР 40-ТАН АСТЫ

Бүгін Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 4 адам тіркелді.

Мемлекеттік комиссияның облыстағы шұғыл штабының хабарлауынша, коронавирус инфекциясы анықталған 4 адамның бірі – 1993 жылғы Ресей Федерациясында вахта әдісімен жұмыс істейтін Түркістан облысының азаматы болса, үшеуі жүк тасымалымен айналысатын 1987, 1976 және 1963 жылғы Тәжікстан және Қырғызстан елінің азаматтары.

Ресей Федерациясымен шекарадағы «Сырым» автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекетте эпидемиолог мамандармен байланыссыз термометрия жасап, сауалнама жүргізу кезінде денсаулыққа шағымдары болмаған. Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 30.04.2020ж. №35 Қаулысына сәйкес, жүк тасымалдаушыларға экспресс диагностика жасалынып, оң нәтиже көрсеткендіктен, СКП эпидемиологтары жедел жәрдем шақырып, карантиндік және провизорлық стационарларға жатқызылды.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен барлығында да COVID-19 диагнозы нақтыланып, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.

Айта кетейік, облыста коронавирус инфекциясының алғашқы жағдайлары 29 наурызда тіркелді.  6 мамыр күнгі жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 203 адам тіркелді.  41-і сауығып, үйіне шығарылды.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
97 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
149 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
337 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
328 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»