БҚО-ДА КОРОНАВИРУСПЕН АУРУХАНАҒА ТҮСКЕН 20 НАУҚАС РЕАНИМАЦИЯЛЫҚ ЕМ АЛУДА
БҚО-дағы коронавирустық инфекцияға шалдыққан науқастардың жағдайы туралы бүгін, 5 ақпан күні өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Қалибеков айтып берді.

Қазіргі уақытта облыста 185 төсек-орынға арналған 4 карантиндік стационарда 26 науқас жатыр. Стационарлардың толымдылығы 14 пайызды құрайды. 579 төсек-орындық 7 инфекциялық стационарда 291 адам емделуде. Ауруханалардың толымдылығы 50,2 пайызды құрайды. Инфекциялық стационарлардағы 62 реанимациялық төсек-орында 20 науқас емделуде. Төсек-орын толымдылығы 32,2 пайызды құрайды.
– Қарқынды реанимация төсектеріндегі науқастардың төртеуі – 40-60 жас аралығындағылар, 14 науқас – 60-80 жастағылар, екеуі – 80 жастан асқандар. 18 науқаста ілеспелі созылмалы аурулар бар. Олардың 16-да жүрек-қан тамырлары аурулары, 1 науқаста қант диабеті, 1 науқаста ревматоидты артрит. Бүгінгі күні инвазивті өкпені жасанды желдету аппаратына 1 науқас, инвазивті емес өкпені жасанды желдету аппаратына 11 науқас, оттегі концентраторына 11 науқас, орталықтандырылған оттегі көзіне 56 науқас қосылған, – деді Армат Талғатұлы.
Қосымша 2008 төсек-орындық резервтік қор дайындалды. Олардың 1233 төсек-орыны инфекциялық стационарларда, 775 төсек-орыны карантиндік стационарларда. Әрбір емханада COVID-19 және пневмония симптомдары бар пациенттерді, созылмалы аурулары бар пациенттерді, сондай-ақ көрсеткіштер бойынша жүкті әйелдер мен балаларды үйде бақылау үшін 124 мобильді бригада жұмыс жасауда. Мобильді бригада тәулігіне орта шамамен 280 шақыруға барады, оның ішінде жетпіс шақтысы COVID-19 бойынша түсетін шақыртулар.
Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін барлығы 11 395 адам індетті жұқтырғаны анықталды, оның ішінде 6 019 адамда ауру симптомдық, 5 376 адамда симптомсыз ағымда өтті. Бүгінгі күні инфекция жұқтырғандардың 81,3 пайызы,яғни 9 267 адам сауығып шықты. Оның ішінде 4 093 адам стационарлық деңгейде, 5 174 адам амбулаториялық деңгейде жазылып шыққандар. Өкінішкеорай, 199 адам коронавирустық инфекциядан көз жұмды.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу