БҚО-ДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР 68-ГЕ ЖЕТТІ
Бүгін, 21 сәуір күні Батыс Қазақстан облысында«COVID-19» инфекциясын жұқтырған 4 жағдай тіркелді. Сондай-ақ кеше кешкі уақытта бір азаматтан коронавирус жұқпасы анықталғаны хабарланған еді. Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев осы бес азаматтың жағдайы туралы мәлім етті.

Оның біреуі бұрын коронавирус жұқпасы анықталған адаммен байланыста болуы себепті карантиндік стационарға орналастырылып, коронавирус жұқпасына сынама алынған. Ал төрт азамат Ресей Федерациясынан келген. Самара облысымен шекарадағы «Сырым» бекетінде эпидемиологтар тиісті алгортимге сай оларға байланыссыз термометрия және сауалнама жүргізіп, карантиндік сатционарға жолдама берген. Ол жерде коронавирус жұқпасына сынама алынған. Бұл азаматтардың екеуі – Қызылорда облысының, біреуі – Шымкенттің, біреуі – Батыс Қазақстан облысының тұрғыны.
Бүгінгі күні ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен бес пациенттен де COVID-19 диагнозы нақтыланып, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды.
– Әлеуметтік желілер арқылы «Ресей Федерациясынан келген азаматтарды шекарадан өткізбеу керек» деген ұсыныстар айтылуда. Дегенмен, олардың жұмыс бабымен немесе емделу мақсатымен Ресейге уақытша барған біздің елдің және басым бөлігі облысымыздың азаматтары екенін қаперге алғанымыз жөн. Шекарадан өткенде эпидемиолог мамандар оларды тексереді және елдің ішінде вирустың таралуына жол бермеу мақсатында бірден карантиндік стационарға жатқызылуда. Лабораториялық зерттеу қорытындысымен коронавирустық инфекция анықталғандары облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылады. Теріс нәтиже болса, 14 күнге үйде оқшаулануға жіберіледі және медициналық бақылауда болады. облыс тұрғындарын жүргізіліп жатқан шараларға түсіністікпен қарауларын сұраймыз, – деді Нұрлыбек Ермекұлы.
Айта кетейік, облыста коронавирус инфекциясының алғашқы жағдайлары 29 наурызда тіркелді. 21 сәуір күнгі жағдай бойынша облысымызда COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 68 адам анықталды. Екі науқас сауығып, үйіне шығарылды. Қалған 66-сы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында ем алуда.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу