8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Сәуір 2020 1354 0
Өзек

БҚО-ДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР 11 АДАМҒА ЖЕТТІ

13 сәуір күні Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 2 адам анықталған еді. Батыс Қазақстан облысы комиссияның шұғыл штабы мәліметінше,  екеуі де әйел адам,  облыс тұрғындары.

Науқастардың бірі 46 жаста, екіншісі 38-де.

Бірінші жағдайда науқас Ресей Федерациясынан келгеніне байланысты тексерілген. Ресей Федерациясымен шекарадағы «Тасқала» бекетінде СКП қызметкерлері байланыссыз термометриямен тексеріп, сауалнама жүргізу кезінде ешқандай шағымы болмаған. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 09.04.2020 жылғы №32 қаулысына сәйкес, COVID-19 зертханалық тексеру үшін карантиндік стационарға жіберілді.

Екінші пациент бұрын коронавирустық инфекция анықталған медицина қызметкерімен жақын қарым-қатынаста болған тұлға ретінде тексерілді.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен екі пациентте де COVID-19 диагнозы нақтыланды.

Қазіргі уақытта пациенттер инфекциялық стационарға жатқызылды.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.

Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.

14.04.2020 жылғы жағдай бойынша облысымызда COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған саны 11 адамға жетіп отыр.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
111 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
167 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
232 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
265 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
310 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»