8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Сәуір 2020 1306 0
Өзек

БҚО-ДА КОРОНАВИРУС БІР АДАМНАН КОРОНАВИРУС АНЫҚТАЛДЫ

Оның Ресей Федерациясында вахта әдісімен жұмыс жасайтын Батыс Қазақстан облысының 40 жастағы тұрғыны екені хабарланды.

Ресей Федерациясының Саратов облысымен шекарадағы «Тасқала» автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекетте эпидемиолог мамандармен қашықтық термометрия және сауалнама жүргізу кезінде, азаматтың денсаулығына ешқандай шағымы болмаған. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 09.04.2020 жылғы № 32 қаулысына сәйкес, COVID-19 зертханалық тексеру үшін карантиндік стационарға жіберілді. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.

Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.

Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды. Ауру ошағында эпидзерттеу және дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.

Айта кетейік, облыста коронавирус инфекциясының алғашқы жағдайлары 29 наурызда тіркелді.  17.04.2020 ж. жағдай бойынша облысымызда COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 33 адам тіркеліп отыр. Екі науқас сауығып, үйіне шығарылды. Қалған 31-і облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында  ем алуда.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
110 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
166 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
230 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
264 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
309 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»