БҚО-ДА КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНАНЫҢ АЛҒАШҚЫ ПАРТИЯСЫ ИГЕРІЛДІ
1 ақпаннан бастап БҚО коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауды бастады, ақпанда жұқпалы аурулар ауруханалары, жедел медициналық көмек, реанимация бөлімшелері, емханалар, жедел жәрдем бөлмелері, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлері арасында жүргізілуде. 11 ақпанда 1000 дозадан тұратын алғашқы партия толығымен игерілді. Енді вакцинацияланған азаматтарға арналған вакцинаның екінші компоненті болып табылатын келесі партия күтілуде.

КВИ-ға қарсы вакцинация ақысыз және кезекке сәйкес жоспарланған. 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап Қазақстанда Ресейде өндірілген Gam-COVID-Вак («Sputnik V») препараты қолданыла бастады. Ақпан айының ортасынан бастап Қарағанды фармацевтикалық кешенінде өндірілген осы вакцинаны енгізу жоспарланып отыр. Екінші тоқсаннан бастап отандық QazCovid-In-ді қосу жоспарлануда, ол қазір сынақтан өтіп жатыр.
«Gam-COVID-Вак» вакцинасы екі компоненттен тұрады, сондықтан ол 2 кезеңде жүзеге асырылады. Бұлшықетке бірінші компонент 0,5 мл дозада және 3 аптадан кейін екінші компонент енгізіледі. Егер екінші компонентпен 21 күнде вакцинациялау мүмкін болмаса, одан кейінгі 7 күнде вакцинациялауға рұқсат етіледі. Бірінші доза антиденелердің аз мөлшерін өндіруге байланысты қысқа мерзімді қорғаныс әсерін береді. Екінші доза біріншінің әсерін күшейтеді және адам ағзасындағы антиденелердің мөлшері артады.
Вакцинацияланған азаматтардың өздерінің айтуынша, олар ерекше өзгерістерді сезбеген. Инъекция ауыртпалықсыз, аздап күйдіру сезімін береді. Одан кейінгі үш күнде әлсіздікті сезінген, яғни денеде ауырсыну, температураның сәл жоғарылауы, тамақ ауруы, инъекция орнында аздап ауырсынатын ісіну сынды көптеген вакцинациядан кейін бйқалатын сезімдер болған.
Бұған дейін бірнеше мәрте айтылғандай, Қазақстанда вакцинация ерікті болып табылады. Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 77-бабына сәйкес кез-келген медициналық процедура, оның ішінде вакцинация тек вакцинацияланған адамның келісімімен жүзеге асырылады. Вакцинациядан бас тартқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік жоқ, кез келген қудалау заңсыз болады.
Әлем ғалымдарының айтуынша, коронавирустық инфекциямен күресу бүкіл әлем тұрғындарының шамамен 70 пайызының денесінде COVID-19-қа қарсы белсенді антиденелер болған кезде сәтті аяқталуы мүмкін. Вакцинация адамдарды қауіпті аурулардан тиімді қорғайды. Медицинада табысты тәжірибенің көптеген мысалдары бар. Вакцинацияның арқасында адамзат туберкулез, қызылша, шешек, қызамық, тырысқақ, менингит және басқалары сияқты көптеген аурулардың таралуынан сақтанып отыр.
Халықтың осал топтары үшін коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация ақысыз болады.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу