БҚО-ДА КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ ЖАҢА ҚАУЛЫ ШЫҚТЫ
Бүгін, 12 наурыз күні «Батыс Қазақстан облысы аумағындағы карантиндік шектеу шаралары туралы» Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 08 ақпанындағы 2021 жылғы № 5 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа №7 қаулы шықты. Енгізілген өзгерістерге сәйкес, ЅРА-орталықтар, бассейндерге жексенбі күндері жұмыс жасауға рұқсат берілді. Әрине, белгіленген талаптар сақталуы керек.
Қаулы мәтіні төмендегідей:

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-VI Кодексінің 1-тармағының 4) тармақшасын, 2-тармағының 3) тармақшасын, 104-бабының 2, 3, 4, 7-тармақтарын, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480-V Заңының 65-бабын, «Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырудың және жүргізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 05 шілдедегі № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығын басшылыққа ала отырып, адам өмірі мен денсаулығын сақтау және Батыс Қазақстан облысының (бұдан әрі – БҚО) тұрғындары арасында коронавирустық инфекциясымен (бұдан әрі – КВИ) сырқаттанушылықтың таралуына жол бермеу мақсатында және БҚО аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- «Батыс Қазақстан облысы аумағындағы карантиндік шектеу шаралары туралы» Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 08 ақпанындағы №5 қаулысына келесі өзгерістермен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақтың 7-тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«7) мектепке дейінгі балалар ұйымдарында 25 баладан аспайтын топтарды жинақтау сақталған кезде кезекші топтар, №67 ҚР БМСДҚ талаптарын сақтай отырып;».
1-тармақтың 8-тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«8) сауналар (толымдылығы нысанның сыйымдылығының 50%-нан аспауы тиіс, 1 келушіге кемінде 4 ш.м есебінде), жексенбі күндері жұмыстың тоқтатылуымен.».
1-тармақ келесі мазмұндағы 17-тармақшамен толықтырылсын:
«17) ЅРА-орталықтар, бассейндер бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес (толымдылығы нысанның сыйымдылығының 50%-нан аспауы тиіс, 1 келушіге кемінде 4 ш.м есебінде), №67 ҚР БМСДҚ талаптарын сақтай отырып;».
- Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халыққа бұқаралық ақпарат және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етілсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы қаулы қол қойған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары Н.Мұстаев
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу