БҚО-ДА КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТУ ТУРАЛЫ ЖАҢА ҚАУЛЫ ШЫҚТЫ
Бүгін, 30 наурыз күні БҚО бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М.Арыспаев №9 «Батыс Қазақстан облысының аумағындағы карантиндік шектеу шараларды күшейту туралы» Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 18 наурыздағы №8 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» жаңа қаулыға қол қойды. Қаулы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қаулы мәтіні төмендегідей:

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-VI «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 38-бабы 1-тармағының 4)-тармақшасын, 2-тармағы3)-тармақшасын, 104-бабының 2, 3, 4, 7-тармақтарын, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480-V «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабын, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шілдедегі №ҚР ДСМ-78/2020 «Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырудың және жүргізудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығының 2-тарауы 3, 4-тармақтарын,Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің2021 жылғы 25 наурыздағы №12 «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып, адам өмірі мен денсаулығын сақтау және Батыс Қазақстан облысының (бұдан әрі – БҚО) тұрғындары арасында коронавирустық инфекциясымен (бұдан әрі – КВИ) сырқаттанушылықтың таралуына жол бермеу мақсатында және БҚО аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1.Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 18 наурыздағы №8«Батыс Қазақстан облысының аумағындағы карантиндік шектеу шараларды күшейту туралы» қаулысына келесідей өзгерістеренгізілсін:
1-тармақтың 6-тармақшасы келесідей редакцияда жазылсын:
«6) 2020-2021 оқу жылының төртінші тоқсанында:
Орал қаласы, Бөрлі, Бәйтерек аудандарында контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептердегі сыныптарда балалар санын 15 адамнан асырмай дәстүрлі форматта оқытуды қоспағанда, контингенті 300 оқушыға дейін ауылдық мектептердегі сыныптарда балалар санын 25 адамнан асырмай дәстүрлі форматта оқытуға;
Білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға;
Орал қаласы, Бөрлі, Бәйтерек аудандарында жалпы білім беретін мектептерде аралас форматта мектепалды сыныптардың оқушылары үшін, 1 – ден 5 – сыныпты қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1-ден 7-сыныпты қоса алғанда, сыныптардағы балалар саны 15 адамнан аспайтын аралас форматта оқытуды қоспағанда, жалпы білім беретін мектептерде аралас форматта мектепалды сыныптардың оқушылары үшін, 1 – ден 5 – сыныпты қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1-ден 7-сыныпты қоса алғанда, сыныптардағы балалар саны 25 адамнан аспайтын аралас форматта оқытуға;
Оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде: пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтықтан аралас форматта оқытуға рұқсат етуді (сыныпта 15 адамнан асырмай, «1 сынып – 1 кабинет» қағидаты бойынша оқыту, санитариялық-дезинфекциялық және маска режимін сақтау);
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында 1 курс студенттері санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, аралас форматта оқытуға көшірілсін.».
1-тармақтың 8-тармақшасы келесідей редакцияда жазылсын:
«8) діни нысандарға (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және басқалар) бір келушіге кемінде 5 ш.м. есебінде және нысанның толтырылуын 30%-дан асырмай жұмыс істеуге рұқсат етілсін. Бұқаралық ұжымдық іс-шараларды (жұма намазы, діни жоралар және т. б.) өткізуге тыйым салу.
Қасиетті «Рамазан» айы кезінде бірге тұратын бip отбасы мүшелерінің арасында ауызашарды қоспағанда, ұжымдық ауызашар өткізуге тыйым салу;».
1-тармақтың 13-тармақшасы келесідей редакцияда жазылсын:
«13) қоғамдық тамақтану объектілеріне – ҚР БМСД №67 Қаулысының талаптарын сақтай отырып, жұмыс кестесі сағат 9:00-ден 22.00-ге дейін (толтырылуы 50%-дан асырмай, 30 орыннан артық емес, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр сақталуын қамтамасыз ету, бір үстелге отырғызу 4 адамнан аспауы тиіс, ұжымдық, салтанатты, отбасылық және басқа да бұқаралық іс-шаралар өткізілмейді),жеткізу және шығару жолымен қызметті жүзеге асыруды қоспағанда сенбі және жексенбі күндері жұмысын тоқтату;
– фудкорт қызметіне ҚР БМСД №67 Қаулысының талаптарын сақтай отырып, тек жеткізуге және шығаруға рұқсат беру;».
- Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халыққа бұқаралық ақпарат және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етілсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы қаулы ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Батыс Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М.Арыспаев
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу