БҚО-ДА КАРАНТИНДІК ШАРАЛАР ЖЕҢІЛДЕТІЛМЕЙДІ
Облыста карантиндік шаралар жеңілдетілмейді. Бұл туралы 13 сәуірде өткен коронавирусқа қарсы облыстық жедел штаб отырысында өңір басшысы Ғали Есқалиев мәлімдеді.
Ауру егде жастағылар арасында өршіп отыр. Жұқпалы аурулар ауруханасында орын тапшы. Көп жағдайда ауру тасымалдаушылар жастар болуы ықтимал. Өйткені 60-тан асқан тұлғалар көпшілік орындарға барудан бас тартса да, індет сол топтағылар арасында көп. Сондықтан түнде жүріске тоқтау жалғаса береді.
Коронавирусқа шалдыққан науқасты емдеуге шамамен 500-900 мың теңге көлемінде қаржы жұмсалады. Яғни ауру жұқтыру дерегі енді азаймаса өңірдің экономикасы әлсіреуі мүмкін. Сол себепті карантиндік талаптар әзірге жеңілдетілмейді. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың мәліметінше, осы айдың он үш күнінде коронавирус инфекциясын 1352 адам жұқтырған. Ал мектеп оқушылары арасында аурудың 115 жағдай тіркелсе, оның 39-ы – офлайн, 76-сы – онлайн режимінде білім алушылар. Осы орайда 18 мектеп 33 сынып екі аптаға, тоғыз балабақшадағы 11 топ карантинге жабылған.
Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Ғали Есқалиев коронавирустың алдын алуға бағытталған жұмыстарды ширатуды тапсырды.
Айнара ИСА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу