БҚО-ДА КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН БҰЗҒАН ТҰЛҒАЛАР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ
Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының прокуратурасы жүргізген сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына талдау нәтижелері бойынша кәсіпкерлердің құқықтарының елеулі бұзушылықтары анықталды.

«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағына сәйкес бөлшек сауда стационарлық, стационарлық емес сауда объектілері және сауда базарлары арқылы жүзеге асырылады.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 4-2 тармақшасына сәйкес аудандық әкімдік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және маршруттарын айқындайды және бекітеді.
Талдау кезінде аудан әкімдігі тарапынан стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру үшін арнайы орындар аудан аумағында белгіленбегені анықталды.
Бұған қарамастан, 2018-2020 жылдары полиция қызметкерлері 92 кәсіпкер және өзін-өзі жұмыспен қамтитын азаматтарДЫ жергілікті атқарушы органдар белгіленген орындардан тыс сауда жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартқан.
Аудан прокуратурасының қадағалау актісі негізінде әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулылардың күші жойылып, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Жергілікті атқарушы органдармен ауданның елді мекендерінде стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру үшін арнайы орындар белгіленуде.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Кіру
Пікір үстеу