8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Ақпан 2022 2601 0
Қоғам

БҚО-ДА ЕРЕСЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІН ТЕГІН ОҚЫТУ КУРСЫНА ҚАБЫЛДАУ ЖҮРУДЕ

Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы ересектерге арналған қазақ және ағылшын тілдерін тегін оқыту курсына қабылдау жүргізуде. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Галиев айтты. Қабылдау наурыз айының соңына дейін жүргізіледі.
Аталмыш курстарға 18-ге толған тілді меңгеруге ниет білдірген облыс тұрғындары қатыса алады. Тегін курсқа жазылу үшін Орал қаласы, Хамид Чурин көшесі, 116-үйде орналасқан облыстық тілдерді дамыту басқармасына өтінім қалдыру қажет.
Қосымша анықтамалық ақпарат алу үшін 87112 506426, 87112 500617 телефон нөмірлеріне хабарласуға болады.
«Қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту, мемлекеттік тілді меңгерген белсенді өзге ұлт жастарын ынталандыру мақсатында былтырғы жылы «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы», «Менің Отаным – Қазақ Елі» және «Мақал – сөздің мәйегі» байқаулары, «Тілге құрмет – елге құрмет» челленджі, «Мен қазақша сөйлеймін» акциясы ұйымдастырылып, 500-ден астам өзге этнос өкілдері қамтылды. Биыл да осындай шаралар жалғасын табатын болады»,- деді басқарма басшысы.
БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі
Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
188 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
234 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
415 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
403 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»