БҚО-ДА ЕКІ ЖЫЛ ІШІНДЕ ПАРА БЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ 53 ДЕРЕК ТІРКЕЛДІ
Бұл туралы бүгін БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Р.Ақмырзаев мәлім етті.

Елбасы мен Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде маңызды заңнамалық шаралар қабылдануда. Бүгінгі күні пара беру мен парақорлыққа делдал болу, сондай-ақ, кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін жауапкершілік күшейтілді.
– Соңғы 2 жылдың ішінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен Батыс Қазақстан облысында пара беру және пара беруге итермелеудің 53 дерегі анықталды. Қылмыстық жауапкершілікке 60 тұлға тартылып, 51 тұлға сотталды, оның ішінде 3 тұлғаны бас бостандығын айыру, 1 тұлға бостандығын шектеуге кесілді, қалғандарына айыппұл салынып, айыппұлдың көлемі 2 млн. теңгеге жуық соманы құрады, – деді Рустам Ақмырзаев.
Сонымен қатар 9 тұлға ветеринариялық анықтамасыз ет сатуды кедергісіз жүзеге асыру үшін пара берген және 2 тұлға Орал қаласында пәтерлерді жеделдетілген түрде алу мақсатында лауазымды тұлғаларға пара беруге итермелеген.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу